ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инновациалық педагогикалық тәжірибенің алқалы тыңдалымы
08-02-2016 13:24
Инновациалық педагогикалық тәжірибенің алқалы тыңдалымы
Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесінің жаңаруы мұғалімнің алдына зор міндеттер жүктеп отыр. Сондықтан, оқу үрдісін жандандыру, оқытудың әдістерімен тәсілдерінің пәнді игерудің тың технологиясын іздестіру- оқушылардың білім деңгейін, оқу ынтасын, белсенділігін арттырудың бірден бір тиімді жолы. Сол жолды шешу әрине, ұстаздың кәсіби педагогикалық іс-әрекетіне байланысты болады. Бұл іске мұғалім ізденіп, өз білімін жетілдіріп, шығармашылықпен үздіксіз жұмыс жасап, іскерлік қабілетін ұдайы арттырғанда ғана қол жеткізеді. Ұстаздың құзыреттілігін көтеру жолында Павлодар қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет қызметкерлері көптеген жұмыстар атқаруда, соның ішінде инновациялық педагогикалық озық тәжірибесін жинақтауға, қорғауға, таратуға қатысты біршама пайдалы іс-шаралар ұйымдастырады. Педагог мамандарды кәсіби дайындау жүйесінде педагогикалық тәжірибе маңызды роль атқарады. Ол оқу тәрбие процесінің бір бөлігі ретінде болашақ мұғалімдердің практикамен байланыстылығын қамтамасыз етеді.Осы жолда дәстүрге айналған инновациялық педагогикалық тәжірибенің алқалы тыңдалымы өткізілді. Павлодар қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастырған алқалы тыңдалымының басты мақсаты - шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс жасайтын, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін дарынды ұстаздарды анықтау. Инновациалық педагогикалық тәжірибенің негізгі критерийлері педагогикалық қызметінің өзектілігі, инновациялығы, жаңашылдығы, жаңғыртылуы, жоғары нәтижелігі болып табылады. 2016 жылдың қаңтар айының 28-і күні Инновациялық Еуразия Университетінің негізінде инновациялық педагогикалық озық тәжірибенің алқалы тыңдалымы өткізілді. Аманкелді Рақышұлы Бейсембаев, «Журналистика және филология» департаментінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, университеттің «Мектеп және жоғары оқу орны» бағдарламасына көп көңіл бөлетінін және осындай іс-шаралар баршылық екенін айта кетті. Нұрахметова Шолпан Сәменқызы – Павлодар қ. әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, барлық мұғалімдерге, директор орынбасарларына Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, Инновациялық Еуразиялық университетінің профессорлық- оқытушы құрамына ынтымақтастықта қызмет жасап, қолдау көрсеткендеріне алғыс айтты. Инновациялық педагогикалық тәжірибені қорғаудың әділ қазылар мүшелерін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының білікті де, білімді де ұстаздары - Майгүл Еренғайыпқызы Оразханова, Анара Шәріпқызы Жұмашева, Алмагүл Аманкелдіқызы Жүсіпова, Жанат Қапсаттарқызы Даниярова, Валерия Викторовна Сергеева, Жанар Аманкелдіқызы Усина, Серафима Валерьяновна Осипова, Маржан Ахметкәрімқызы Кенебаева, Инновациялық Еуразиялық университетінің профессорлық- оқытушы құрамы - Ғайша Ертайқызы Имамбаева, Аманкелді Рақышұлы Бейсембаев, Гүлмира Әбуқызы Хамитова, Галина Захаровна Химич, Айгүл Мұратқызы Утилова, Сәкен Зейноллаұлы Раздыков, қала мектептерінің шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдері құрады. Инновациялық тәжірибенінің алқалы тыңдалымы 7 секция бойынша өтті. Бұл іс-шараға мектептерден 300-ден аса мұғалім тыңдаушы ретінде қатысып, жаңашыл, креативті, шығармашылығы мол 58 мұғалімнің тәжірибелерін тамашалады. Ал келесі 46 мұғалімнің жұмысы жаңашылдығымен және өзектілігімен көзге түсіп, ең үздік педагогикалық тәжірибе деп белгіленді: Н. Е. Жанғабылова - №25 ЖОМ, М. Е. Қабышева - №11 ЖОМ, Қ. Абылғазинова - № 22 ЖОМ, Ғ. Т. Абылқайырова - №26 ЖОМ, Б. М. Шажанқанова - №20 лицей, Ш. Қ. Құрмащева -№ 16 лицей-мектебі, Г. Т. Жұматаева - №41 ЖОМ, М. Р. Жұмаділова -№ 25 ЖОМ, А. И. Турий – Ладыко– СТИКС, Т. М. Ряжко - №26 ЖОМ, М. Д. Сахимзадина - №4 ЖОМ, С. Г. Булер - №6 ЖОМ, Н. С. Остапенко - №29 ЖОМ, Б. Б. Нақыпова– 30 ЖОМ, Г. Б. Есмақаева– 21 ЖОМ, Е. Төрехан - № 12 ЖОМ, Г. С. Тұртұғылова - №41 ЖОМ, Ж. Б. Ордабаева - №25 ЖОМ, Е. В. Загравская - №34 ЖОМ, Р. Н. Ахметова - №12 ЖОМ, В. В. Таран - №7 ЖОМ, В. А. Кожакар - №11 ЖОМ, М. А. Құдайбергенова - КОМ, С. Н. Барвих - №28 ЖОМ, И. И. Сидоренко – Жетекші, С. Ж. Әутәліпова - №4 ЖОМ, Н. Қ. Асылбекова - №4 ЖОМ, И. Б. Медведева – СТИКС, А. О. Молдакелдінова - №4 ЖОМ, Н. О. Алашпаева - №25 ЖОМ, Қ. Қ. Жаркина - №35 ЖОМ, А. Д. Ақатаева - №22 ЖОМ, З. А. Мұхаметжанова - №29 ЖОМ, Ы. Қ. Дүйсенова - №21 ЖОМ, Н. Қ. Мұнсызова - №14 ЖОМ, Е. Е. Мельниченко - №15 ЖОМ, А. А. Мамжанова - №15 ЖОМ, Н. В. Гетманская - №21 ЖОМ, Е. Н. Асютина - №28 ЖОМ, О. В.Анушкина - №28 ЖОМ, М. Қ. Садуақасова - №36 ЖОМ, Т.В. Дроновна - №18 ЖОМ, А. А. Қоңырова - №1 ЖОМ, Г. А. Бектасова - №12 ЖОМ, М. Н. Литвинчук - №26 ЖОМ. Бұл мұғалімдердің тәжірибелері жинақталып қалалық білім беру бөлімінің «Инновациялық педагогикалық озық тәжірибесі банкісіне» енгізіліп, қала бойынша таратылып өз жалғасын табады. Барлық қатысушыларға сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!

Ш.С.Нұрахметова, Павлодар қаласының әдістемелік кабинеттің меңгерушісі

Н.Ш.Азанбаева, білім беру бөлімінің әдіскері