Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Білім беру мекемелер қызметкерлерінің құзырет парадигмасы» тақырыбындағы мектеп басшыларына арналған семинар
28-01-2016 12:46
«Білім беру мекемелер  қызметкерлерінің құзырет парадигмасы» тақырыбындағы  мектеп басшыларына арналған семинар
Инновациялық басқару кезеңінде білім беру мекемесінің басшысы, жоғары профессионалды, өзінің профессионалды қызметінің алдында жоғары мақсат, міндеттер қоя алатын және оны өзіндік көзқарастық қатынаспен шеше алатын өз жетістігінің менеджметі, өз еліміздің және шет елінің тәжірибесіне сүйенетін шығармашыл тұлға. Бұл білім беру жүйесіндегі өзгерістер үшін ғана емес, сол ұйымның басшылық етуші құрамының кәсіби құзыретілігіне өзгеріс қажет. Мектеп басшысы міндетті түрде білім беру стратегиясын, формасын, әдістерді,технологияларды, білім беру нарығындағы инновациялық қызметтерді, оны басқаруын, экономикалық және нормативтік - құқықтық қызметті, сараптау, конфликті шешуді білуі манызды. Басшының басқару қызметінде кенеттен көптеген қиындықтар кездеседі. Ол жұмыстың мазмұны мен психологиялық жағынан шұғыл және әсерлі әр түрлі жағдайларда жедел және тиімді шешімдер қабылдау. Педагогикалық ғылымда және тәжірибеде мектеп директорының бойында тәжірибелі, кәсіби сөздерінің баламасы - бәсекеге түсе алатын, құзырлы. Білім беру бөлімі қаланың жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста. «Мектеп- ЖОО» бағдарлама жүйесі қалыптасқан. Жоғары оқу орындарының ғалымдары мен мектеп басшыларының кезекті әріптестік кезедесу болды. ИнЕУ ректоры, экономика ғылымының докторы, профессор М.А. Баяндин семинарда бұл кездесудің маңыздылығы жайында сөз сөйледі. Қала мектептері мен ЖОО-ның өзара тиімді ынтымақтастығы жөнінде бизнес академиясының директоры, PhD докторы З.К. Смағұлова және ағылшын орталығының директоры Л.А. Смерницкий сөз етті. Содан соң ИнЕУ профессоры, филология ғылымының докторы, проректор «Білім беру мекемелер қызметкерлерінің құзырет парадигмасы» атты семинарды жоғары деңгейде өткізді. Семинарда алған білім, басшының жан-жақты қалыптасуына, педагогикалық қызметтің қорытындысын дұрыс болжауына, жеке басқару стиліне, әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігне тиімді әсер етеді. Университет бұрышында көрме ұйымдастырылды. Бұл көрмеде ИнЕУ өнімдерінің каталогтері, проекттері көрсетілді. Осы семинарда ИнЕУ профессор-оқытушылар мен білім беру бөлімінің бірлесе істеген жұмыс жоспары бекітілді. № 16 мектеп-лицейінің директоры Т.А. Мигунова директорлық корпус атынан алғыстарын жеткізді. Директорлық корпусқа шығармашылық табыс және жеңіс тілейміз!

Ш.С. Нұрахметова,

Павлодар қаласы білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі