ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас директор орынбасары мектебі
22-01-2016 11:44
Жас директор  орынбасары  мектебі
Біздің қаламыздың № 34 мектебінде «Жас директор орынбасары мектебі» өз қызметін жалғастыруда. «Жас директор орынбасары мектебі» бұл отырыста келесі сұрақтарды қарастырды: ұйымдастырушылық, пән бойынша әдістемелік бірлестіктің жұмыстары, аттестация барысындағы педагог жұмысының мониторингін, мұғалімнің өз білімін жетілдіру жұмысын, мектептегі аттестациядан өтетін педоготерді бақылайтын сараптама топ жұмысының анализін қарастырды. Аттестациядан өтетін мұғалімдердің портфолиосы, аттестацияға өту құжаттары, өз білімін жетілдіру жұмыстары мен өз педагогогикалық тәжірибесімен бөлісуі, мұғалімнің әдістемелік - дидактикалық жұмыстарын, өз ғылыми - әдістемелік еңбектерін баспа өнімдерінде жариялануын байқады. № 34 мектеп мұғалімдері мен Т.М. Савченко осы топ алдында туындаған сұрақтарға жауап, кеңес берді. Павлодар қаласының директордың жас орынбасарларының осы тақырыптар бойынша толық кеңес алды. Енді олар өз жұмыстарын іс - жүзінде қолдана алады. Бұл топтың отырысы жүйелі түрде айына бір рет болады. Бір айдың көлемінде туындаған мәселелер бойынша электронды дайджест және виртуалды online қабылдау жұмыс істеді.

Ш.С Нұрахметова,

әдістемелік кабинеттің меңгерушісі