ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық КВН -2016 қорытындысы
15-01-2016 04:45
Облыстық КВН -2016 қорытындысы
Жас маман педагогтер командалары арасындағы КВН – 2016 соңғы кезеңі аяқталды. Финалда Павлодар облысының қалалары мен аудандарынан 6 жас маман командалары (Павлодар, Аксу, Қашыр, Лебяжі, Ертіс, Баянауыл) қатысты. Барлық командалар жүлделі орынға ие болуға ынталанды. Жарыс 3 параметр бойынша бағаланды: өздерін таныстыру, үй тапсырмасы, ринг (командалардың сұрақтары мен жауаптары). Лебяжі және Қашыр ауданы командаларының көрсеткен өнері өте қызықты да шығармашылыққа толы болды. Ақсу қаласы командасы үйлесімді ойынды көрсете алды. Көрермендер көзайымын Ертіс және Баянауыл командалары иеленді. Ең нәтижелі, сөзге өткір де шешен, креативті қатысушылар Павлодар қаласының жас мамандары болды. Команда құрамында №24 мектеп, «Жігер» клубы қосымша білім беретін жас мамандар. Әзіл, әртістік қасиет, тапқырлық «24.кz» командасына лайықты І -ші орын әкелсе, ІІ- ші орын Лебяжі ауданы, ІІІ–ші Қашыр ауданы, ІV- ші Ақсу қаласы, V-ші Баянауыл, VІ-шы Ертіс ауданы командалары ие болды. Облыстық кәсіподақ педагогтурінің төрайымы Г.А.Наурызбаева жарыс қатысушыларын құттықтап, грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті. Гүлбарам Әуезханқызы қатысушыларға тамаша ойын үшін алғыс білдіріп, алдағы барлық бастауларға табыс тіледі. Павлодар қаласының «24.кz» конкурсының жеңімпазы «КиВиН-2016» халықаралық фестиваліне жолдау алып, Сочи қаласына аттанды. Оларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Ш.С.Нұрахметова,

Павлодар қаласының

білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі