ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Директор орынбасарларына арналған семинар-практикум
30-12-2015 06:02
Директор орынбасарларына арналған семинар-практикум
Қала мектептерінің әдістемелік қызметінің басты мақсаты оқу барысының жұмысын жетілдіру, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің деңгейін көтеру, олардың білгірлігі мен құзыреттілігі, сондай-ақ оқу-білім үдерісіне заманауи оқу технологияларды енгізу болып отыр. Бүгінде әр мектепті өз педагогикалық ұжымының іс-әрекетіне өзіндік баға беруге үйрету өте маңызды. Мектептің өзін-өзі бағалауы оқу бөлімдерінің қызметіне сәйкес жасалған соңғы пилот жобасының сараптамасы бойынша алты бағытта жүруі тиіс: оқушылардың оқу нәтижесі, мектепті басқару мен жетекшілік ету сапасы, мектептің ата-ана ұжымы мен жергілікті қоғамдастықпен орнатқан өзара қатынастың сапасы, оқушыларға жасаған қамқорлығы мен қолдауы, қор жағдайы. Павлодар қаласының білім беру бөлімі мектеп директорларының орынбасарларына «Сапалы білім берудегі ішкі және сыртқы бағалау» атты тақырыпта № 4 мектеп негізінде семинар - практикум өткізген болатын. Яғни директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары білім беру мен тәрбие үдерісін ұйымдастырып, мақсат қойып қызығушылық оятушы, тың дүниелерді енгізіп талдаушы, жоспарлап бағдарлаушы, бақылап бағалау функцияларын жүзеге асырушы. Семинарға қазақ тілі, бастауыш сынып, жаратылыстану, физика- математикалық, қоғамдық – гуманитарлық бағыттарды бақылайтын 50 астам директор орынбасарлары белсенді қатысты. Қатысушылардың алдында мектеп қызметін бағалау бойынша пилоттық жобаның сараптама комиссия мүшесі Л.В. Рыжкова сөз сөйледі. Семинар - практикумның қатысушылары № 4 ЖОМ биология пәні мұғалімі А.В.Выгузованың сабағына қатысып, сабақты талқылап үлгілі, жақсы, ізденуді қажет етеді деңгейлері бойынша баға беріп, ұсыныстар айтты. Семинар-практикумды талқылай келе, қатысушылар алғыс білдіріп, семинардың өзектілігін, дескриптор бойынша бағалауға көмек көрсеткендері туралы айтты. Павлодар облысының білім департаменті мен «Өрлеу» филиалының өкілдерінің қатысуымен, сабақты бақылау - бағалау қызметі және сабақты дескрипторлар арқылы саралау бойынша осындай оқыту семинар- практикумдар келешекте басқа қала мектептері негізінде де өткізіледі. № 4 мектептің әкімшілігі мен мұғалімдер ұжымына инновациялық тәсілдерді әріптестерімен тәжірибелерімен бөліскені үшін алғысымыз шексіз. Барлықтарыңызға шығармашылық табыс, жаңа мақсатқа ізденіс, еңбектеріңіздің жемісін көруді және сәттілік тілеймін.

Ш.С Нұрахметова,

әдістемелік кабинеттің меңгерушісі