ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық «VІІІ Қалижан оқулары» қорытындысы туралы
25-12-2015 11:12
Қалалық «VІІІ Қалижан  оқулары»  қорытындысы туралы
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2015-2016 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын» іске асыру мақсатында Қалижан Бекқожин атындағы № 12 жалпы орта білім беру мектебінде қала оқушыларының арасында қазақ әдебиетінің дамуына сүбелі еңбек сіңірген жерлес ақынымыз Қалижан Бекқожинннің шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатымен қалалық деңгейде 2015 жылдың 24 желтоқсанында «VІІІ Қалижан оқулары» өткізілді. Жерлес ақынымыз Қалижан Бекқожин шығармашылығын халық арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттырып олардың өнерінің шыңдала түсуіне сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу оқудың негізгі мақсаты болды. Оқуға қала мектептерінің көпшілігі қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік көрсеткен мектептер: № 2, 4, 5,6, 7, 12,13, 14, 16, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 28, 30, 31, 33, 34, 35, 36, 38, 39,40, 41,КЖОМ. Салғырттық танытып, қатыспаған мектептер: 1, 9, 11, 17, 29, 42, 43, Жетекші, Стикс мектептері. Оқу екі номинациядан өтті: « Менің жырым - өрен тасқын ! » мәнерлеп оқу және «Туған тың ғасырмен мен сырласпын ...» жас ақындар (өздерінің шығарған өлеңдері). Оқудың қорытындысы бойынша: « Менің жырым - өрен тасқын ! » мәнерлеп оқу номинациясынан Бас жүлдені – № 38жалпы орта мектебінің 8 қазақ сыныбы оқушысы Гүлнара Жанболат иеленді; І орын - № 33 жалпы орта мектебінің 7 қазақ сыныбы оқушысы Серік Аяулым. ІІ орын– № 35 ЖОМ, 7 қазақ сыныбы оқушысы Райхан Алтын, № 22 ЖОМ , 7 қазақ сыныбы оқушысы Камали Ақерке. ІІІ орын - № 12 ЖОМ, 6 қазақ сыныбы оқушысы Иманбаева Надия, № 24 ЖОМ, 5 орыс сыныбы оқушысы Кине Стас, № 29ЖОМ, 5 орыс сыныбы оқушысы Скляров Сергей . Ынталандыру грамотасына мына мектептер оқушылары ие болды: № 4, 6, 36, 41. «Туған тың ғасырмен мен сырласпын...» жас ақындар шығармашылығы номинациясынан Бас жүлдені иеленген - № 38 ЖОМ, 9 қазақ сыныбы оқушысы Сұраған Ғұмырұзақ. І орын – № 35 ЖОМ, 10 қазақ сыныбы оқушысы Жанғали Әділ ІІ орын – № 22 ЖОМ, 7 қазақ сыныбы оқушысы Аманбек Ерасыл, № 24 ЖОМ, 7 қазақ сыныбы оқушысы Көктай Мақсат ІІІ орын - № 25 ЖОМ, 8 қазақ сыныбы оқушысы Манапова Анар, № 20лицей – мектебінің 9 қазақ сыныбы оқушысы Құрман Алтынбек, № 13 ЖОМ, 6 орыс сыныбының оқушысы Ермұхамбет Ерқанат.