ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2015 жылғы 10-11 желтоқсан айында өткізілген 54 қалалық пәндер олимпиадасының қорытындысы
25-12-2015 10:23
2015 жылғы 10-11 желтоқсан айында өткізілген 54 қалалық пәндер олимпиадасының қорытындысы
Жыл сайын желтоқсан айында қалыптасқан дәстүр бойынша «Дарынды балалар» бағдарламасы аясында 10-11 желтоқсан күндері 54 қалалық пәндер олимпиадасы өтті. Аталған олимпиада 15 пән бойынша № 24 жалпы орта білім беру мектебінде өтікізілді. 41 қала мектептерінің 7-11 сыныптар оқушыларының аралығынан 633 оқушы қатысты, олардың 225 оқушысы оқу мемлекеттік тілде жүргізілетін мектептер мен сыныптардың балалары. Олимпиаданың қазылар алқасы құрамына 300 жуық білім беру мекемелерінің тәжірибелі мұғалімдері қатысты. 2015 жылы 14 желтоқсан күні №7 жалпы орта білім беру мектебінде апелляциялық комиссияның қорытынды отырысынан кейін соңғы қорытынды шығарылып, жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар бойынша алда келе жатқандар: №39 мектеп, «Стикс» мектебі, № 9, 20 лицейлер, № 22 мектеп көшбасында болса, № 20 лицей мектебін нәтижелі қатысқан мектеп командаларының қатарына жатқызуға болады. 2015 жылы 21 желтоқсанда сағат 15.00-де № 25 мектепте «Жас дарын» іс-шарасы өткізіледі, бұл аталған шарада 223 жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім беру бөлімінің дипломдары мен мақтау қағаздарымен марапатталады, оның ішінде 190 қатысушы - І,ІІ,ІІІ жүлделі орын иегерлері, 33 оқушысы жақсы нәтиже көрсетуші қатысушылар. Қалалық олимпиадалардың қорытындылары бойынша, облыстық іріктеу туріне 14 жалпы білім беру мектептерінен 37 қатысушы ұсынылды.