ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Заманауи басшының кәсіби дамуы
25-12-2015 03:30
Заманауи басшының кәсіби дамуы
Инновациялық басқару жағдайындағы білім мекемесінің жетекшісі кәсіби қалыптасқан жоғары деңгейге жеткен шебер, өз алдына кәсіби қызмет тапсырмаларын қоя білу қабілеті болуы және өзіндік көзқарас пен қатынасы негізінде шешуі тиіс, оның негізінде қайта өңделген заманауи менеджмент жетістіктері, отандық және шетелдік білім мекемесінің озық тәжірибесі жатыр. Бұл тек білім жүйесіндегі өзгерістермен ғана шектелмеген, сонымен қоса білім мекемесі құрамын басқаратынның кәсіби құзыреттілігі қатынасына басқаша қарау қажеттілігі болып табылады. Кезекті жас директор мектебі отырысы өтті. Отырыстың тақырыбы: «Қаржылық - құқықтық жаппай оқу сұрақтары» болды. Жас басшылар бюджетті жоспарлау, мектептің күрделі және ағымды жөндеу сметасын құру, материалды құндылықтар мен жабдықтарды есептен шығару рәсімі, негізгі құралдар мен қорлар есебі, білім қызметкерлерінің еңбегін төлеу жүйесінің сұрақтары, бюджеттік құралдарды меңгеру бойынша кеңес алды. Дегенмен мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша нормативті-құқықтық негізі ең маңызды сұрақ болып келді. Осы сұрақтар бойынша түсіндірулерді және кеңесті мемлекеттік қызметкерлерді дайындаудың аудандық орталығының оқытушылары Әбенова мен З.А.Резванова өткізді, олар қаржылық бақылау инспекциясының басты мамандары ретінде үлкен жұмыс тәжірибесі бар мамандар. Қаржылау және қаржылық жылды аяқтау бойынша сұрақтарға экономикалық мониторинг анализі секторының меңгерушісі және білім бөлімінің орталық бухгалтерияның бас бухгалтері Е.В.Злакоманова мен Г.Т.Медиева жауап берді. Отырысқа қатысушылар өз алғыстарын білдірді және мемлекеттік сатып алуды өткізу сұрақтары туындаған кезде кеңес алу мүмкіндігін, сонымен қатар сұраныс туындаған кезде қаржылық сұрақтарды қарастыруға жалғастыруды өтінді. Жас жетекшілердің барлық бастаған істері табысты, әрі сәтті болсын!

Ш.Нұрахметова,

білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі