ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қазақ тілі сабақтарында тиімді қолдану
14-12-2015 09:32
Сын тұрғысынан ойлау  технологиясының стратегияларын қазақ тілі сабақтарында тиімді қолдану

“Білім беру жүйесін жаңғырту барысындағы маңызды іс-шараның бірі - оқу үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу” Н.Ә. Назарбаев

Күнделікті сабақ беру барысында балаға терең білім, тәлімді тәрбие беру - әр мұғалімнің басты арманы екені даусыз. Оған жету үшін оқытудың мазмұн, мақсат, әдіс–құрал, жағдай сияқты негізгі салалары бойынша көп тәжірибе жинақтау керек. Мұғалім оқыту барысында шығармашылық ізденіспен айналысып, өз тәжірибесінде әр түрлі жаңалықтар ашу арқылы ғана озық тәжірибе жинақтайды. 2015 жылдың 9 желтоқсанында Павлодар қаласының білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес №21 ЖОМ негізінде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру» тақырыбында қазақ тілі мұғалімдері үшін семинар өткізілді. Семинар жетекшісі - С.Т. Дүйсенбекова. ОТЖжМДО Т.А. Бегежанова, ӘБЖ Д.Қ. Кунгозина. Семинарға қала мектептерінің 48 мұғалімі қатысты. Бұл семинар озық инновациялық педагогикалық тәжірибемен алмасу аясында өткізілді. Семинардың мақсаты: оқушыларды сыни ойлауға үйретіп, олардың білім деңгейін көтеруге түрткі болған сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану маңыздылығы жайлы озық іс-тәжірибесімен қала мұғалімдерімен бөлісу. Семинар шеңберінде С.Т. Дүйсенбекова ұстаздарға озық іс-тәжірибесін тарату барысында айтарлықтай көмек түрлерін көрсетті: ОТТ құрылымы (кіріспе, педагогикалық тәжірибе, тәжірибе сипаттамасы, салыстырмалы талдау, қорытынды, педагогикалық іс-әрекеттің болжамды қорытындысы). Сонымен бірге оқыту мен оқудағы тиімді әдіс-тәсілдерді енгізудегі іс-тәжірибесімен бөлісе отырып, белсенді әдіс-тәсілдер қолданды. Мысалы, «Әткеншек», «Бір минут», «Өзін-өзі жетілдіру зебрасы», «Бес сұрақ» стратегиялармен жұмыс жасау барысында қатысушылар белсенді әрекетке араласып, өзара талдау, талқылау жасады. Ұстаздар көкейде жүрген сұрақтарына жауап алып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Семинарға қатысушылар сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану арқылы идеяларымен алмаса келіп, осы тақырыпта өз өңірлеріндегі мұғалімдер үшін өзекті болып табылатын мәселелерді ортаға салды. Мұның бәрін нақты өңдеп, жұмыс істеп отыру көзделді. Білім сапасын арттыруда, іс-тәжірибені толықтыруда мұғалімдер үшін семинардың пайдасы айтарлықтай зор болды. Қоржындары әдіс-тәсілдермен, қажетті ақпараттармен толыққан ұстаздар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, жұмыстарына жаңа бағыт-бағдар алды.

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің

әдіскері Н.Азанбаева