Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Достық үні» атты көркем оқу байқауы
10-12-2015 04:21
«Достық үні» атты көркем оқу байқауы
Мектебімізде Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Достық үні» атты көркем оқу байқауы өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты: Ертіс өңірі этностарының тілі мен мәдениетіне деген құрмет арқылы қазақстандық патриотизді қалыптастыру. Байқауға 15 ұлттық бөлімше және екі мәдени орталықтардан 37 тәрбиеленуші қатысты. Байқаудың негізгі критерилері: патриоттық тақырып, есте сақтау қабілеті, артистік шеберлік, креативтілік болып табылды. Сайысты бағалаған әділқазылар мүшелері: Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының маманы А.Дулатова, ҚР ҚХА мүшесі, ҚБ «Белорусь» Мәдени орталығының» жетекшісі Л.Богнат. болды. Бағдарламада А. Құнанбаев, М.Мақатаев, С.Капутикян,К. Мячиева, К.Юлюуса, Т.Василики, О.Дымова, А.Галх және басқа ақындардың ортақ мазмұны Отан түсінігін ашатын шығармалары оқылды. Тәрбиеленушілер шығармаларын танымды, мазмұнды және әсерлі жеткізе алды. Мемлекеттік тілде оқыған әр қатысушы «Мәңгілік ел», «Атамекен», «Атамұра» номинацияларында марапатталды. Ұлттық тілде оқығандар арысында бірінші орынға ие болған белорус бөлімшесінің тәрбиеленушісі Семихина Екатерина «Родные образы» Я.Колос; екінші орын – поляк бөлімшесінің тәрбиеленушісі Лобурцова Полина «Боллады и романсы» В. Броневский; үшінші орын – татар-башқұрт бөлімшесінің тәрбиеленушісі Гилозов Ильфат ие болды.