2015 жылы 9 қарашада облыстық білім беру басқармасының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығында «Үздік әлеуметтік ұстаз – 2015» облыстық конкурсы өтті. Конкурстың мақсаты - әлеуметтік ұстаздың кәсіби шеберлігін, еңбек беделін арттыру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын әлеуметтік ұстаздарды анықтау және қолдау. Конкурстың қорытынды кезеңіне Павлодар облысы білім беру мекемелерінің педагогикалық тұжырымдамалары бар, 3 жыл барысында тұрақты оң нәтижелері бар 11 әлеуметтік ұстаздың жұмыстары ұсынылды. Конкурстың қорытындылары бойынша І орынға «Берік отбасы» жобасымен Павлодар қаласының № 28 ЖОМ әлеуметтік ұстазы Камалитдинова Найля Кавиевна ие болды.