Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы» клубының отырысы
21-10-2015 12:16
«Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы»  клубының отырысы
«Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы» клубы өз жұмысын жалғасуда. 2015-2016 оқу жылында 70-тан астам әртүрлі мамандықтардың педагогтары: бастауыш сынып - 28, ағылшын тілі - 8, тарих – 6, математика – 4, физика, дене шынықтыру – 3-тен, , информатика, музыка, орыс тілі, өзін-өзі тану – 2-ден, география, қазақ тілі, биология, бейнелеу өнері мен сызу – 1-ден мектеп табардылығын аттады. «Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы» клубы алты жыл жұмыс істейді. Осы жылдыр бойы қала жас мамандары пәндік теориясын меңгерді, өз ойларымен алмасты, шығармашылық есеппен конференцияларда сөз сөйледі, ашық сабақтарды берді. Сабақтар №36 ЖОМ директорының орынбасары Н.В. Копыльцованың, психологиялық жетелеу – О.Г. Камшуктың жетекшісімен өтті. Жас мамандар тренингтерде қатысуға, қобалжыған сұрақтарға жауап алуға, өзін-өзі жетілдіру тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндіктері бар. Осы оқу жылының оытырыстарында жас педагогтарға мына сұрақтар бойынша кеңес алуға мүмкндік болды:
  • Нормативты құжаттар,
  • Мектеп құжаттарын жүргізу,
  • Пән мұғалімдерінің папкаларының толықтыруы,
  • Сабақ барысының әдістемесі,
  • Сабақтың өзін-өзі талдауы,
  • Күнделікті жоспарлар,
  • Бақылау жұмыстарының сапалы талдауы.
Бірінші оқыту сабағы коучинг түрінде өтті. Қала мектептерінің жас мұғалімдері топта жұмыс жасап, заманауи мектепте мұғалім қандай болуы керек екенін атты постер ұсынды. №24 мектебінің негізінде Ұстаздар күніне орай үш буынын кездесуі өтті. Осы мерекеде жас маманға арнау рәсімі, жас мұғалімге аманат табысталып, олардан ант алынды. 2015 жылғы 19 қазанда білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «жас мамандардың 100 сұрағы – 100 жауабы» атты кеңес сағатын өткізді. Осы шараның шеңберінде білім әдіскердің кеңес күндері анықталды, жас мамандар әдістемелік кабинетінің жұмыс, сайыстар жоспары, қала мен облыс деңгейдегі жарыстар, инновациялық тәжірибенің мекендері, шығармашылық топтары жұмысының циклограммасымен танысты, жастардың желілік қауымдастығында өзара сұрақтарды шешу, әдістемелік кабинетінің виртуалдық қабылдауы, электрондық пошта арқылы жауап алуға болады. Клуб жетекшісі Н.В. Копыльцовамен бірге жас мамандар нормативтік базасын талқылады, жас мұғалімнің педагогикалық копилкасы мен портфолионы құрастырудың талаптарымен танысты, оқушылардың оқу мотивациясын қалыптастыру бойынша психологтің кеңесі мен ұсыныстарын алды. «Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы» клубы жас педагог білім берудің өзекті сұрақтарын, пән оқыту әдістемесін талқылауға, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруге көмек көрсетеді. Оқу жылдың аяғында жас педагогтердің бірінші форумы өтеді. Сонда жастардың жұмыс нәтижелерінің қорытындысы жасалынады, үздіктерді марапаттау рәсімі болады Жаңа ізденістерде шығармашылық сәттілік!

Нұрахметова Ш.С.,

Павлодар қаласы білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі