Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бастауыш сынып мұғалімдерін құттықтаймыз
08-10-2015 06:04
Бастауыш сынып мұғалімдерін құттықтаймыз
Мұғалім атану – бұл ерекше сый. Біздің елімізде мұғалімдік кәсіп ертеден-ақ ең қадірлі және ең беделді мамандық болып есептелінеді. Педагог бейнесін көптеген ұрпақтар білім нәрін сыйлаушы, өмірлік даналық, адамгершіліктің үлгісі, жан мейірімен сыйлаушы ретінде есептеп келеді. Өзіңіздің педагогикалық шеберлігіңіздің арқасында сіз аянбай балаларға білім бересіз, ал сонымен қатар, өз жаныныздың бір бөлігін, махаббатыңызды және төзімділігіңізді сыйлайсыз. Мұғалім еңбегінің бағалылығы, маңыздылығы сонда келешек ұрпақтың өмірлік тағдыры-сіздердің қолдарынызда. Жыл сайын өткізілетін барлық сайыстарға бастауыш сынып мұғалімдері белсенді түрде қатысып, жоғары көрсеткіштер мен нәтижелерге ие болуда . Қалалық сайыстардың нәтижесі бойынша «Жыл мұғалімі-2015»- ІІІ жүлделі орынды «Шеберлік шыңы» және «Үміт» аталымдары бойынша №5 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бахытгүл Төлеухан және №42 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Юлия Алексеевна Безрукова жеңіп алса, «Жыл мұғалімі-2015» байқауының Бас жүлденің иегері №16 лицей- мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанар Жұмағұлқызы Жақсылықова. Ол өте талантты мұғалім. Оның арсеналында әрқашан да жаңа идеялар, кіші жастағы мектеп оқушысының білімін арттыратын жаңа әдістер мен тәжірибелер. Семинарлар, шеберлік сағаттар, ашық сабақтар, тұсау кесерлер, Павлодар қаласы және Павлодар облысының мұғалімдеріне арналған оқу құралдары-осының барлығы мұғалімнің жұмыс тәжірибесінің қорытындысы болып табылады. Ұстаздың жинақтап көрсеткен материалдары мектептегі әріптестерін жаңашылдық және тәжірибелік идеялармен байытып, қала, облыс ұстаздарының жақсы қабылдауы мен назарына ілікті. Халықаралық білім жобасы «Шексіз оқыту» шеңберінде Заманауи Педагогика орталығында (Монреаль-Канада) үш жылдық курсты өтті. «Отбасы және мектеп бірге » «FACT» бағдарламасының (Ұлыбритания , Лондон) аймақтық жаттықтырушысы болып табылады. Жанар Жұмағұлқызы Кембридж университетінін бірінші деңгейлік сертификат иесі. Желілік ішіндегі қауымдастықты ұйымдастырушысы және мүшесі, әртүрлі қала мектеп оқушыларының арасындағы жобалардың, электрондық кітаптар мен әдістемелік құралдар авторы. 2014-2015 оқу жылы барысында- «Жыл мұғалімі-2014» Бас жүлде иегері №17 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жазкей Сайрагүл атанды. Өткен жылдары бойынша Бас жүлде иегерлері атанған мұғалімдер: №29 мектептің бастауыш сынып оқушыларының мұғалімі Татьяна Леонидовна Тарвидас, №14 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Елена Юрьевна Ендураева, №36 мектептің бастауыш сыныбың мұғалімі Ирина Григорьевна Алексеева, №42 мектептің бастауыш сынып оқушылырының мұғалімі Мадина Қаратайқызы Нұрмакова, №25 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Динара Қалиасқарқызы Шабажанова. Республикалық деңгейдегі алғашқы Бас жүлде иегері Мұрат Болатұлы Исаханов болса, №35 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мұрат Баекенұлы Асаинов қазір осы мектеп директоры, №9 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Вера Михайловна Шлейхер, осы мектеп директорының орынбасары болса, тағы бір жүлдегер Ирина Юрьевна Соловьева Павлодар қаласының бастауыш сынып мұғалімдерінің даңқы Павлодар қаласынан басқа да облыс, республика көлемінде мәлім. Олардың тәжірибесі «Начальная школа», «Бастауыш мұғалім», «Учитель методист», «Мұғалім.RZ», «Ұлағатты ұстаз», «Инфоурок», «videouroki.net», «Про Школу.Ру», «Мир учителя», «Первое сентября» сияқты газет-журнал беттерінде, халықаралық, республикалық ғаламторда жариялануда. Құрметті бастауыш сынып мұғалімдері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!!! Сіздердің алдарыңызда қажырлы еңбектеріңіз, жан мейірімі мен жылуы, даналықтарыңыз үшін бас иеміз! Жаңа шығармашылық табыстар мен білімді оқушылар көбее берсін! Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз! Ш.С. Нұрахметова, әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.Ш. Қайырғазина, білім беру бөлімінің әдіскері Е.В. Юрченко, С.С.Адамбаева, қалалық әдістемелік бірлестік жетекшілері