ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тарих пәні мұғалімдерін құттықтаймыз
02-10-2015 11:50
Тарих пәні мұғалімдерін құттықтаймыз
Жыл сайын кәсіби мереке – Ұстаздар күні – тойлау қарсанында Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Жыл мұғалімі» кәсіби сайысын өткізеді. Соңғы үш жылда өз кәсібилігі мен шеберлігін қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері көрсете білді. 2013 жылы «Жыл мұғалімі» облыстық сайысында Бас жүлде иегері №19 мектебінің тарих пәні мұғалімі Аян Сансызбайұлы Күзембаев болса, 2014 жылы қалалық сайысында №17 мектебінің тарих пәні мұғалімі Александр Федорович Дацюк, «Шеберлік шыңы», «Үміт» номинацияларының жеңімпазы №11, №25 мектептерінің тарих пәні мұғалімдері Ксения Александровна Зотова және Қымбат Ерболатқызы Смағұлова атанды. 2015 жылы «Жыл мұғалімі» сыйысында «Шоқ жұлдызы» номинациясының жеңімпазы № 20 мектебініңтарих пәні мұғалімі Ерлан Тоқтағұлұлы Марзатаев, «Шеберлік шыңы» номинациясының жеңімпазы №2 мектебінің тарих пәні мұғалімі Қанағат Советұлы Ерғалиев иеленсе, Бас жүлдегер №43 мектебінің тарих пәні мұғалімі Азамат Хасенұлы Қабыкенов болды. №25 мектебінің тарих пәні мұғалімі Қымбат Ерболатқызы Смағұлова облыстық сайысының «Шабыт» номинациясының жеңімпазы болып атанды. «Жыл мұғалімі» кәсіби сайысының жеңімпаздарын және қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдерін Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз! Қымбатты әріптестер сіздерге зор денсаулық, мол бақыт отбасыларыңызға тыныштық, шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер мен жеңістерді тілейміз! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!

Әубәкірова Г.Б.,

білім беру бөлімінің әдіскері,

Г.К. Күлжанов,

тарих пәні мұғалімдерінің қалалық ӘБ