ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұғалімдер күніне арналған салтанатты қабылдауы
01-10-2015 12:52
Мұғалімдер күніне арналған салтанатты қабылдауы
прием акима 1.10.15 (1) Павлодар қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары А.Е. Абылкасымовтың қатысуымен Мұғалімдер күніне арналған салтанатты қабылдауы өтті. Әкімнің салтанатты қабылдауында білім беру мекемелерінің жетекшілеріне, қала мектептерінің үздік педагогтарына салтанатпен құрмет көрсетіліп, «Жыл мұғалімі-2015», «Жыл тәрбиешісі-2015» қалалық сайыстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Номинациялар бойынша келесі мұғалімдер мен тәрбиешілер марапатталады: «Шоқ жұлдызы» - №20 мектебінің тарих пәні мұғалімі Ерлан Тоқтағұлұлы Марзатаев «Шеберлік шыңы» - №10 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Сандуғаш Қайкенқызы Өмірәлиева, №2 мектебінің тарих пәні мұғалімі Қанағат Советұлы Ерғалиев. «Үміт» - №126 сәбилер бақшасы – балалардың эстетикалық даму орталығының тәрбиешісі Кристина Сергеевна Нарижных, №19 жалпы орта білім беру мектебінің информатика пәні мұғалімі Алмас Сансызбайұлы Серікбаев. Бас жүлде- №29 балабақшасының тәрбиешісі Жанар Еркінқызы Төртұлова, №16 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жанар Жұмагұлқызы Жақсылықова. Сайыстың номинанттары қала әкімінің атынан наградалар мен бағалы сыйлықтармен (Бас жүлде - видеокамера, ұялы телефон, номинанттар - планшет пен ұялы телефон) марапатталады. Мұғалімдер күніне орай қала әкімінің білім беру мекемелерінің басшылары қала әкімінің атынан «Білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қосқаны үшін» ескерткіш белгісі мен дипломмен марапатталды: Н.Б. Асылбекова, Т.Б. Веневитина, И.Ж. Төргелдинова, №№2, 21, 42 мектеп директорлары, О. Л. Бобровская, Құрманғазы атындағы №1 балалардың музыкалық мектептің директоры, Н.Ш. Ушакбаева, Н.Н. Овчинникова, Г.М. Құрманова, №№39, 115, 122 бала бақшалырының жетекшілері, Б.Е. Мырзабекова, Б.К. Крыкбесова, Т.Н. Жадыгерова, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас мамандары. Келесі үздік педагог қызметкерлері білім беру бөлімінің грамоталары мен бағалы сыйлықпен (сандық фотоаппарат) марапатталды: М.Ш. Казангапова, №2 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі, Н. Л. Блок, №13 ЖОМ информатика пәні мұғалімі, Г.А. Оразалина, №23 ЖОМ биология пәні мұғалімі, Г. А. Иванкова, №3 балалар музыкалық мектебінің қосымша білім беру педагогі, Н. К. Нұрғалиева, А. Г. Терешкина, №№3, 29 бала бақшаларының әдіскерлері, С. К. Бертыбаева, №21 бала бақшасының жетекшісі. Қала әкімі қала мектептерінің мұғалімдеріне жылы алғыс сөздер мен құттықтаулар айтты. Барлық педагогтарға шығармашылық табыс, отбасылық бақыт пен жақсылық тілейміз!

Ш.С.Нұрахметова,

білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі