ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Үш ұрпақтың кездесуі
30-09-2015 12:27
Үш ұрпақтың кездесуі
Мұғалімдер Күні – тек мектеп педагогтарының кәсіби мерекесі ғана емес, сонымен қатар барлық өмірі мен қызметін мектеп өміріне арнағандардың да мерекесі. Павлодар қаласы №24 жалпы орта білім беру мектебі қабырғасында үш ұрпақтың кездесуін ұйымдастыру дәстүрге айналды.Бұл күні мектептің мәжіліс залы қатысушыларға лық толы болды. Мұнда өзінің сүйікті мұғалімдерін құттықтауға келгендер және ең бастысы мерекенің қадірлі қонақтары мұғалімдер келді. Білім беру саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімі салтанатты әрі мерекелік деңгейде өтті. Оларға сахна төрінен жақсы тілектер айтылып, мұғалімдер мен тәрбиешілердің қиын да қызықты жұмыстарына табыстар тіледі. Салтанатты жиынға тек қана мектептер мен бала бақшалардың ғана өкілдері ғана емес,сонымен қатар қосымша білім беру мекемелерінің, атап айтқанда қаламыздың спорт,музыка,сурет мектептерінің өкілдері қатысты.Білім беру саласында өз іздерін қалдырған, қазіргі педагог-ардагерлер де шақырылды. Барлық қатысушыларды Павлодар қаласы білім беру бөлімі және өз атынан білім беру бөлімі басшысының орынбасары Шиндлярская Гулсина Шайдуллаевна құттықтады. Кездесу барысында педагог-ардагерлерге көп көңіл бөлінді. Олардың аттары қалалық «Алтын есімдер кітабына» енді. Ардагерлерді құрметтеу дәстүрін жалғастыра отырып,олардың қажырлы еңбектеріне арналған альманах тапсырылды. Альманахты тапсыру үшін сахнаға фотоальманахтың идея авторы, педагогикалық еңбек ардагері Засыпкина Евгения Ивановна шақырылды. Биыл қалалық білім беру саласы 48 жас маманмен толықты. Оларды қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Исмагулова Ботагөз Баязитовна құттықтады. Жас мамандарға берген өсиетінде ол мұғалім даналық пен әділеттіктің, дарын мен білімділіктің, кеңпейілділік пен тәрбиеліктің үлгісін көрсете отырып, барша ұрпақтың бойында дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастыратын тұлға екенін айтып өтті.Педагогикалық еңбек ардагерлерінен өсиетті қабылдау құрметіне 2015 жылдың жоғарғы оқу орындарының түлектері Поломарь Светлана Александровна және Рахманова Замзагуль Жаскайратовна ие болды.Залда отырғандар білім беру саласы қызметкерлерінің қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сейтова Сабира Шакеновнаның құттықтауын ерекше жылумен қарсы алды. Білім беру саласының қызметкерлеріне оқу-тәрбие жұмысындағы жетістіктері,көп жылғы қажырлы еңбектері үшін мұғалімдер Күні қарсаңында қалалық білім беру бөлімінің грамоталары табысталып, алғыс жарияланды. Еңбек Күніне арналған Республикалық «Мұғалім туралы ең үздік шығарма» сайысына белсенді қатысқаны үшін №24 мектеп мұғалімі Сауле Кабимолла, №20 лицей-мектебінің мұғалімі Мадина Саханова, №7 мектеп мұғалімі Толғанай Тургамбекова және №4 бала бақша тәрбиешісі Раушан Абзали және Несмеянова Мария, №104 бала бақша тәрбиешісі Аубакирова Айман №2 бала бақша тәрбиешісі Заворина Татьяна дипломдармен марапатталды. Педагогикалық және кәсіподақ ұйымындағы жемісті еңбегі,оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін шебер ұйымдастырғаны, тәрбиеленушілерді салауатты өмір салтына баулығаны үшін Қазақстан кәсіподақ ұйымының 110жылдық мерейтойына орай Құрмет грамотасымен почетной грамотой были награждены председатели первичной профсоюзной организации школ №1 мектептің кәсіподақ комитетінің төрағасы Милейко Надежда Владимировна, №10 мектептің кәсіподақ комитетінің төрағасы Латыпова Назгуль Каиркеновна, №19 Есебаева Зауреш Ермековна, №39 мектептің кәсіподақ комитетінің төрағасы Шарбанова Кымбат Бакитбековна, №17 мектептің кәсіподақ комитетінің төрағасы Тлеубаева Карлыгаш Кушеровна, №1 балалар музыкалық мектебінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ермекбаев Куаныш Мейрамович, №116 бала бақша басшысы Алексейцева Галина Юрьевна және «Жігер» жасөспірімдер клубының кәсіподақ комитетінің төрағасы Евлоева Макка Даудовна марапатталды. Педагогика қызметкерлерінің 15- облыстық жазғы спартакиадасындағы жеңісі үшін №29 мектеп мұғалімі Лыскова Ксения Николаевна, №1 мектеп мұғалімі Белова Екатерина Сергеевна, №22 мектеп мұғалімі Исабаева Асем Малгаждаровна, №17 мектеп мұғалімі Помазанова Полина Генадьевна, №39 мектеп мұғалімі Емельянова Мария Юрьевна, №8 мектеп мұғалімі Мешанинова Ольга Валерьевна және СТИКС мектебінің мұғалімдері Серегина Екатерина Анатольевна, Бондарь Виктор Николаевич марапатталды. Басшылық ұстаздарды ерен еңбектеріне алғыс білдіре отырып, оларға жақсы шәкірттер тіледі. Салтанатты кеште еңбек жолын енді ғана бастаған жас мамандарға да аз көңіл бөлінген жоқ. Барлық құттықтаулар, ыстық ықыластар тек қана аяулы ұстаздарға арналды. Сахнада көптеген есімдер аталды.Концерттік бағдарламадағы номерлер тосын сыйға толы болды : мектеп өміріндегі күлкілі көріністерді жас мамандардың өздері сахналап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сүйікті ұстаздарының кәсіби мерекесіне арнап, мектеп оқушылары әсем ән мен би сыйлады.