Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Стикс» мектебіндегі қазақ халқының материалдық мәдениеті артефактілердің көрмесі
25-09-2015 12:08
«Стикс» мектебіндегі қазақ халқының материалдық мәдениеті артефактілердің көрмесі
Қазақ хандығының 550-жылдығы – Қазақстан үшін маңызды күн. Осы уақытты түсіну мен тарихи шындықты білу үшін сол уақыттың ескерткіштеріне шолу жасау қажет. 2015 жылғы 16 қыркүйекте Қазақ хандығының 550-жылдығын тойлау шеңберінде «Стикс» мектебінің директоры Ю.И. Степкиннің бастамасымен Қазақстан тарихының өткен ғасырлары артефактілердің көрмесі өтті. Көрмеге А.А. Орсариев, С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, В.К. Мерц, С. Торайғыров атындағы ПМУ археология орталығының директоры, Г.Б. Әубәкірова, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері, «Стикс» мектебінің мұғалімдері мен оқушылары. Оқушылар тарих пәні мұғалімі Е.Е. Бознактың баяндамасындағы ұсынған Қазақ хандығының құруы тарихының қызықты фактілерімен танысты. Сонымен бірге, қазақ халқының өмірі мен рәміздерін көрсететін Ю.И. Степкиннің және оның жолдас-жинаушылардың экспонаттары оқушылардың назарын алды. Юрий Иванович қоладан жасалынған тудың тұғырына ұшы, күміс тұтқасы бар қолдан жасалған қамшы, қалындықтың сердолик тастарымен күмістен жасалынған үйлену зергерлік – шырмауық, жоғары деңгейде қолданбалы өнері бар тауыс түрінде жасалынған қол жуу үшін хош иісті сұйықтықтарды сақтау ыдысы, қола шамы, ішкі параметрі бойынша өсімдік оюлары бар қалайы табақтар артефактілерін көрсетті. Осы шара Қазақ хандығы тарихының артефактілерін көруге, біздің ата-бабаларымыздың жетістіктерімен мақтан етуге мүмкіндік береді. Г.Б. Әубәкірова, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері