Біз қонаққа барамыз ...! ЖІГЕР
«Біз қонаққа барамыз ...!» атты ұлттық мәдениеттер фестивалі туралы есеп 2015 жылдың 30 маусым күні Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20-жылдығына арналған «Бірлігіміз жарасқан» жазғы жобасы шеңберінде «Біз қонаққа барамыз ...!» атты ұлттық мәдениеттер фестивалінің салтанатты жабылуы өтті. Фестивальға «Жігер» БЖК барлық бөлімшелерінің тәрбиеленушілері Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың ұлттық мәдениетін ұсынды. Сонымен қатар фестивальға қаламыздың №6 ЖОМ оқушылары да қатысты. Ұсынылғын мәдениеттер – қазақтар, орыстар, татарлар, өзбектер, славяндар, үндістер, кытайлықтар. Фестиваль өте қызықты өтті.