Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Төтенше жағдайларға арналған іс-шара
23-06-2015 04:31
Төтенше жағдайларға арналған іс-шара
2015 жылы наурыздың 11-нде төтенше жағдайлар бойынша Павлодар облысының басқармасымен Павлодар қаласының № 27 жалпы орта білім беру мектебінде Дүниежүзілік Азаматтық қорғау күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырып өткізді. Салтанаттың ашылуында Павлодар қаласының ТЖБ орынбасары полковник К.Т. Бертыбаев құттықтау сөз сөйледі. Қаланың құтқару бөлімшелерінің арнайы техникасы, жабдықтары, қару-жарақтары мен саймандары көрсетілді. Көрініске өз техникасын өртке қарсы қызметі, оперативті-құтқару бөлімшесі, суда құтқару қызметі, апаттар және медицина орталықтары шығарылды. Салтанатты бөлімі аяқталған соң, оқушылар көрнекі түрде көрсетілген техника мен жабдықтардың тактика техникалық мінездемелерімен таныстырылды. Мектептің спортзалында жарыс өткізілді.Спорттық жарысқа қаланың № 1, 5, 27, 29 және 36 ЖОББМ –нен бес команда қатысты. Жарыс келесі кезеңдерден ұйымдастырылды: өрт сөндіру рукавты жинау, алғашқы медициналық көмек көрсету, науқасты эвакуациялау және т.б. Өжет күресте І орынға - № 36, ІІ орынға - № 29, ІІІ орынға - № 1 мектептер иеленді. Жалпы іс шараға 300-дей оқушы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.