Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп директорының орынбасарларына арналған «Коучинг- семинар жаңа форматтағы курс» жазғы әдістемелік мектеп
11-06-2015 12:48
Мектеп директорының орынбасарларына арналған «Коучинг- семинар жаңа форматтағы курс» жазғы әдістемелік мектеп
2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелерінің басшыларына арналған біліктілігін көтеру курстары өтіп жатыр. «Назарбаев зияткерлік мектебі» және Кембридж университет 2013-2016 жылдарға бірлесе жоспар құрды. Бағдарламаның негізгі принциптері
  • «21ғасырда оқушылардың қандай білім алуы керек?»
  • «Ұстаздар 21 ғасыр өміріне біздің оқушыларымызды қалай дайындау керек?»
  • Оқушылар 21 ғасырға қандай біліммен келеді,алған білімдерін өмірде қолдана ала ма?
Басшылардың курс мазмұнына енгізіледі:
  1. « Білім беру мен оқытуы» (білім беруді жақсарту, оқушылардың білімін көтеру)
  2. Өз білімін жетілдіру және басқа да оқушыларды кәсіби дамыту (ұжыммен жұмыс,жекелей жұмыс, басқару және бақылау)
  3. Басшылар білімін жетілдіру, енгізу, инновация және өзгерісті қолдау(кәсіптік одақ және стратегиялық көшбасшылық)
  4. Мектеп жүйесінде және жалпылай қарым- қатынаста болу.
Сол себепті, осы бағдарламаға сәйкес іс-шаралар, жоғары білімді,тәжірибелі,кең спекторлы білімі және тәжірибелі, адекватты жаңашыл мамандар зейіндерін шоғырландыру. Бүгінгі таңда 11 мектеп басшылары мен орынбасарлары деңгейлік курстан өтті: № 9, 19, 20, 25, 39, 42 мектеп директорлары С.В. Завальная, Д.А. Тайгулин, Г.Т. Топанова, С.О. Айтказина, И.Ж.Тургульдинова, Е.И. Булгакова, директор орынбасарлары: №№ 22, 34, 35, 36, 43 Ж.Е. Ракишева, Н.В.Григорьева., Ш.Б. Асаинова., Н.В. Копыльцова., С.К. Аубакирова. Осы күнде №25,42 жалпы орта білім беру мектебінің директорлары.., курста білімдерін тәмәмдауда. Курстан өткен басшылар өз ұжымдарында алған білімдерін іске асыруда. Екі жылда қала мектептеріне деңгейлі курс өткен мұғалімдер саны артып жатыр, бүгінгі күні олардың саны 500 (1,2,3 деңгей). №7 мектеп базасында « Заманауи білім беру үдерісінде жаңа тәсілдер» атты 2- күндік жазғы әдістемелік мектеп өткізілді. Бұл шараға 50 астам мектеп директорының орынбасарлары, әдістемелік бірлестік жетекшілері, білім беру бөлімінің әдіскерлері қатысты. Бағдарлама шеңберінде «Басымдықтарды орнату мен шара қолдану», «Сын тұрғысынан ойлау мен басқару шешім қабылдау», «Критериалдық бағалау», «Lesson study», «Коучинг и менторинг», «Көшбасшылық пен басқару», және т.б тақырыптарда коучинг-сессиялар өткізілді. Өткізілген шараның модераторлары: Л.В. Рыжкова, Т.А. Евсюкова – «Өрлеу» ПК БАИ бас мамандары, Н.В.Григорьева, Г.Б. Бектемирова, Н.В.Копыльцова, С.К. Аубакирова - №№34, 35, 36, 43 мектеп директорларының орынбасарлары. Жазғы мектеп қатысушылары өткізілген шараға жоғары баға берді (мазмұны, өткізілген тәсілі, ұйымдастыру мәдениеті). Семинарға қатысқан сертификатталған педагог мамандар әріптестері жаңашыл бағдарламамен жұмыс жасау керек екенін айта кетті. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.

Ш.С. Нұрахметова,

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі