Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мектеп - ЖОО» бағдарламасының жүзеге асырылуы
02-06-2015 11:59
«Мектеп - ЖОО» бағдарламасының жүзеге асырылуы
Қазіргі кезде білім алуды әлеуметтік қажеттілікке жұмсалатын шығын ретінде емес, адамдық құндылығын экономикалық тұрғыдан қаржыландыру және еліміздің экономикалық өркендеу тұғырнамасы болып есептеледі. Бүгінгі күнде әдіскерлерді толғандыратын жайттардың бірі - қала мектептеріндегі әдістемелік іскерлігінің жүзеге асырылуы, мекемелердегі білім алу үрдісі әдістемелік тұрғыдан толық қамтамасыз етілуі болып табылады. 2014-2015 жж. білім берудегі негізгі мәселе болып экономика талаптарына сәйкес білім беру инновациялық тұрғыдан қамтамасыз ету, білім берудегі мазмұнының жаңаруы мен технологияларды қолдану, мұғалімдердің, оқушылардың және жасөспірімдердің функционалды сауаттылықтарын дамытуды қамтамасыз ету. Мұғалімнің оқу үрдісін жобалауда технологиялық деңгейге өтіп, бүл жобаны жүзеге асырған кезде ұстаз профессионал дәрежесіне жетіп, жеке тұлғалық қасиеттері жан-жақты ашылып, шығармашылық дамуға жаңа белестер ашылады. Мекеп ұжымдарының педагогикалық іскерлігін әдістемелік инновацялық қолдау - ИнЕУ бірлесіп жұмыс жасау. Білім беру бөлімі Инновациялық евразиялық университетімен бірнеше жыл қатарынан бірлесіп жұмыс жасап келеді. «Мектеп - ЖОО» бағдарламасы аясында өзара тиімді бірлесіп қызмет еткенде мұғалім іскерлігінің профессионалдық шеберліктерін жоғарылатып, оқу орындарында кездесетін мәселелерді шешуге бағытталған. Мұғалімердің және оқушылардың ғылыми-тәжірибелік конференциялары, тамыздық педагогикалық оқулары, қала деңгейінде инновациялық педагогикалық тәжірибелер, семинар-практикумдар, интеллектуалды марафондар дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Мектеп түлектеріне арналған жоғары оқу орындарындағы пәндік олимпиадалардың маңызы ерекше, жеңімпаздары ИнЕУ білімдік гранттарын иеленеді, ашық есіктер күні, мұғалімдерге арналған ғылыми-практикалық конференциялар, «Қазіргі білім беру жүйесіндегі және тәрбиедегі инновациялық техноогиялар» педагогикалық оқулары, «Қазіргі мектептегі менеджмент» мектеп басшыларына арналған семинар, «Мұғалімдер мен оқушылардың жоба қызметі оқу мен педагогикалық қызметінің нәтижелі жоғарлау әдісі» директор орынбасарларына арналған мұғалімдерге арналған алгоритмдық сипаттау бойынша кеңес беру сағаттары, қала, мектеп деңгейінде педагогикалық тәжірибені ұсыну мен тарату, мұғалімдер мен оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларына, сайыс материалдары, әдістемелік-дидактикалық құралдарына рецензия алу. ИнЕУ негізінде бірнеше жыл қатарынан ҰБТ сапалы дайындық мақсатында күрделі, қиын тақырыптар бойынша кеңес беру сағаттары мен психологиялық тренингтер жүргізіледі. Дәстүрлі түрде № 30 ЖОМ негізінде жыл сайын студенттер мен оқушыларға арналған «Өз өлкенді тану - ғылымға жетелейтін жол» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Бұл конференцияға облыс, қала мектептерінің 2-11 сынып оқушылары қатысады. Жобалардың жетекшілері ИнЕУ аға оқытушылары болып келеді. Конференция жұмыстарының қорытындысы бойынша мүғалімдер мен оқушылардың жоба материалдары «ИнЕУ хабаршысы» атты жинаққа басылып шығады, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер ИнЕУ грамоталары мен сертификаттарымен марапатталады. ЖОО ынтымақтастық мүғалімдердің шығармашылығын жетілдіруге, шығармашылық әлеуетін өсіруге және өзін-өзі іске асыруға ынталандырады.

Қалалық білім беру бөлімі

әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ш.Нұрахметова.