Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы» әдістемелік-ғылыми конференциясы
01-06-2015 13:38
«Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы»  әдістемелік-ғылыми  конференциясы
Пролс-2014_AutoCollage_7_Images222 Мектеп – өз салты мен ережелері бар әлем. Университетте алған білімдері теориялық негізінде ғана жақсы, ал өмірінде – бәріде басқаша екенін жас мұғалім тек қана жұмысқа кіріскенде тез ұғады. Еңбек жолының басында жас маман көптеген қиындықтарға кезігеді. Сабақта уақытты дұрыс бөлмеуі, сабақтың кезеңдерін логикалық ретімен бір-бірімен байланыстыруы, жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде қиындықтары, әріптестерімен өзара түсіністігі жоқтығы және басқа қиыншылықтарға тап болады. Жыл сайын 100-тен аса жас мамандар қала мектептеріне жолдама алады. Қалада алтыншы жыл «Жас мамандардың өздігінен кәсіби-тұлғалық айқындалуы» («ПроЛС») клубы жұмыс істейді. Оның жетекшісі – Наталья Владимировна Копыльцова, №36 мектебінің директорының орынбасары. Клубтың сабақтары ай сайын әр тақырыптарға және мектеп психологы Марият Сулейбанқызы Магамедованың сүйемелдеуімен өтеді. Білім беру бөлімі қалалық кәсіподақ ұйымымен бірлесіп №36 мектебінің базасында «ПроЛС» клубының қорытынды конференциясы өтті. Конференцияда қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Ш. Сейітова, Ш.С. Нұрахметова, білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, И.Ф. Назарова, №36 мектеп директоры, Н.В. Копыльцова, № 36 директор орынбасары сөз сөйледі. Конференцияға 7 қала мектептердің: №№21, 29, 33, 34, 36, 39, 43 9 жас маман қатысты. Ұстаз мамандығы өте қиын, оған мектептің тәжірибелі педагогикалық ұжымы бейімделуге көмек көрсетіп, қол үшін беруге тиіс. Конференцияда осы және де басқа мәселелері туралы жас мамандар сөз қозғады. Қатысушылар басқа мектептен келген әріптестеріне сұрақ қойып, өздерінің тәлімгерлеріне алғысын білдірді және әрі қарай «ПроЛС» клубымен серіктес болып, белсенді қатысушы болуға ниет білдірді. Жас мамандар бірлестігі кәсіби өсуіне жағдай жасайды және жас мұғалімнің өздігінен ашылуға мүмкіндік туғызады. Педагогикалық қызметінде табысқа жету ниетін тудырады. Дәл осындай ұжымда нағыз ұстаз қалыптасуы мүмкін. «ПроЛС» клубының ұйымдастырушыларды №36 мектеп директорын И.Ф. Назарованы, мектеп орынбасарын Н.В. Копыльцованы, психологын М.С. Магомедованы, әдістемелік кабинетінің меңгерушісін Ш.С. Нұрахметованы жас мамандарға әдістемелік көмек көрсеткен үшін С.Ш. Сейітова қалалық кәсіподақ грамоталарымен марапаттады. «ПроЛС» клубының жұмысында белсенді қатысқаны үшін білім беру бөлімінің алғыс хаты келесі жас мамандарға берілді: Д.С. Каримова, А.С. Ергазина (№4 ЖОМ), А.Ш. Исеналинова (№5 ЖОМ), З.Ж. Адильханова, А.К. Кусаинова (№11 ЖОМ), Ю.С. Михайлова (№14 ЖОМ), Г.М. Сыздыкова (№21 ЖОМ), Б.Б. Кажыкенов (№22 ЖОМ), З.А. Жумалинова (№25 ЖОМ), Д.К. Жантемирова (№26 ЖОМ), Е.П. Хильченко, К.К. Кабылдина, А.С. Каиркенова (№29 ЖОМ), Л.Р. Медетова (№33 ЖОМ), К.А. Шилова (№34 ЖОМ), К.С. Загравская, Е.Ю. Наточисел (№36 ЖОМ), А.М. Базарбай, Ш.К. Иманшарипова (№43 ЖОМ).

Жас мұғалімдерге барлық бастамаларында табыс және сәттілік тілейміз!!!

Жаңа оқу жылында жаңа кездесулерге дейін!!!

Талпыныңдар!!!

Ш.С.Нұрахметова,

Павлодар қаласы

білім беру бөлімі

әдістемелік кабинет меңгерушісі