ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған
01-06-2015 12:27
«Ұмытылмас каһармандар!» әскери-отансүйгіштік әнінің қалалық шығармашылық байқауын өткізу туралы ақпарат Жастарға рухани-адамгершілік, отансүйгіштік тәрбие беру және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында «Экология. Туризм. Өлкетану» марафоны көлемінде 2015 жылғы 20 мамыр күні «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК негізінде «Ұмытылмас каһармандар!» әскери-отансүйгіштік әнінің қалалық шығармашылық байқауы өткізілді. Байқау «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы мен 5512 әскери бөлімімен бірлесе ұйымдастырылды. Іс-шараның демеушілері «СОВИ-КZ» ЖШС, бас директоры В.П.Пряхин, АТФ Банкі, ПМХЗ болды. Байқауды өткізу мақсаты - оқушылардың бойындағы жоғары отансүйгіштік санасын, Қазақстан халықтарының достастығы мен біртұтастығын нығайту, туған елінің мүдделерін қорғау бойынша конституциялық міндеттері мен азаматтық борышын орындауға дайындығын қалыптастыру болды. Іс-шара Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арналды. Байқауға № 4, 11, 12, 13, 15, 16, 18, 26, 27, 28, 36, 35, 34, 39, Жетекші, Кенжекөл жалпы орта білім беру мектептері, ОММИ, БЖЭТО клубтарының 170 астам оқушылары қатысты. Байқау жүлдегерлері: «Вокалдық топ» аталымы 1 орын – № 11 ЖОБМ, № 27 ЖОБМ 2 орын – № 39 ЖОБМ, № 34 ЖОБМ 3 орын – № 26 ЖОБМ Белсенді қатысқаны үшін № 6 ЖОБМ ұжымы марапатталды «Дуэт» аталымы 1 орын – №13 ЖОБМ 2 орын – № 5 ЖОБМ, № 15 ЖОБМ, № 13 ЖОБМ 3 орын – № 35 ЖОБМ «Соло орындау» аталымы 1 орын – № 4 ЖОБМ 2 орын – № 26 ЖОБМ, № 18 ЖОБМ, № 36 ЖОБМ 3 орын – БЖЭТО, № 26 ЖОБМ, № 35 ЖОБМ, № 28 ЖОБМ «Орындаушы-авторлар» аталымы 1 орын – БЖЭТО 2 орын – БЖЭТО. Байқау репертуарының құрамына Ұлы Отан соғысы кезіндегі әндер, жауынгерлік өткені туралы замануи әндері де еңгізілді. Әндердің орындалуы көріністермен сүйемелденді. Іс-шараның соңында 5512 әскери бөлімі байқау қатысушыларына жауынгерлік ботқасынан дәм таттырды. Жүлделі орындарды иеленгені, иеленбегеніне қарамастан, барша қатысушылардың бойларын өз туған елінің тағдыры мен тіршілігіне жеке қатыстылығы және мақтаныш сезімдері ұялады.