ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«VІ Абай Құнанбайұлы оқулары» байқауының қорытындысы
22-05-2015 04:37
«VІ Абай Құнанбайұлы оқулары» байқауының қорытындысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2014 -2015 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын» іске асыру мақсатында № 35 жалпы орта білім беру мектебінде қала оқушыларының арасында қазақ әдебиетінің бас ақыны - «Абай Құнанбайұлы» бастауыш сынып оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатымен қалалық деңгейде 2015 жылғы 28 сәуірде дәстүрлі қалалық «VІ Абай Құнанбайұлы оқулары» өткізілді. Қазақтың ұлы ойшыл ақыны - Абай Құнанбайұлы шығармашылығын бастауыш сынып оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттырып олардың өнерінің шыңдала түсуіне сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу оқудың негізігі мақсаты болды. Қалалық деңгейде өткен оқуға қала мектептерінің ішінде қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік көрсеткен мектептер: №№1, 2, 4, 7, 9, 11, 12, 16, 17,18, 19, 21, 22, 24, 25, 26, 27,28, 29, 30, 32, 33, 34, 35, 36, 38, 39, 40, 41, 43, КОМ ( 31 мектептен 79 оқушы қатысты). «VІ Абай Құнанбайұлы» оқулары бойынша «Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу аталымынан: Бас жүлдеге №12 ЖОМ оқушысы Бәкен Данияр ие болды. І орынды №25 ЖОМ оқушысы Авид Елдос иеленді. ІІ орын алғандар: №17 ЖОМ оқушысы Ғалымжан Айбек, СТИКС мектебінің оқушысы Борецкий Богдан, №38 ЖОМ оқушысы Оспанова Әсия. ІІІ орын алғандар: №2 ЖОМ оқушысы Оркенова Арайлым, №18 ЖОМ оқушысы Басс Елизавета , №35 ЖОМ оқушысы Қалкеш Ерсұлтан, №22 ЖОМ оқушысы Кендебайқызы Ақниет, №21 ЖОМ оқушысы Ақмолдина Ксения, №19 ЖОМ оқушысы Баймұханов Ансар. «Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» жас ақындар шығармашылығы аталымынан : Бас жүлдеге №38 ЖОМ оқушысы Кенжебек Әлфараби ие болды. І орынға №21 ЖОМ оқушысы Балтабаев Ерасыл иеленді. ІІ орындарды №35ЖОМ оқушысы Асылбеков Нұрсұлтан, №22 ЖОМ оқушысы Қуандықова Айғаным алды. ІІІ орынға №25 ЖОМ оқушысы Қапен Жәмилә, №39 ЖОМ оқушысы Болатбеков Бекжан, №12 ЖОМ оқушысы Қадыр Аружан қол жеткізді. «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» әндер орындау аталымынан: Бас жүлдеге №25 ЖОМ оқушысы Мұзафар Дильназ ие болды. І орынды №21 ЖОМ оқушысы Тұмақпаева Данара иеленді. ІІ орынды №35 ЖОМ оқушысы Асхат Мөлдір, №22 ЖОМ оқушысы Адархан Баян алды. ІІІ орындарға №11 ЖОМ оқушысы Картранжиева Ромина, №16 ЖОМ оқушысы Сулейменова Аделия, №19 ЖОМ оқушысы Мұхаметжанова Арай қол жеткізді. Заманымыздың осындай дарынды балаларына қарап, қуанышымыз қойнымызға сыймай, осы ұрпақтарға келешекте де тек жеңiстердiң шыңдарынан көрiне берсiн, тұғырлы табыстарға жете берсін дегiмiз келедi. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің

әдіскері Н.Ш. Азанбаева