Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Білім беру көшбасшысы- 2015» қорытындысы
21-05-2015 01:56
«Білім беру көшбасшысы- 2015» қорытындысы

«Білім беру көшбасшысы- 2015» сайысы - білім саласындағы теориялық және практикалық басқарудың жаңа бағыттарын анықтауға, оны зерделеуге бағытталған, Павлодар қаласы білім беру жүйесін модернизациялауға, дамытуға ықпал етер инновациялар мен технологияларды қолдауға, қалалық білім беру мекемелеріндегі оқу мен тәрбие үдерісіне тиімді әсер етер шараларды бағдарлауға арналған. Сайыстың негізгі мақсаттары : - жоғары кәсіби рейтингте шығармашылық тұрғыда жұмыс істей алатын көшбасшыларды анықтау; - қалалық білім беру мекемелеріндегі басшылардың (бұдан әрі басшылар) әлеуметтік және кәсіби мәртебесін қалыптастыру ; - басшылардың қалалық білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін көпшілік алдында таныту; - дарынды басшыларды қолдап, марапаттау; - басшылардың біліктілігін арттыруға ықпал ету; - басшылық қызметіндегі алдыңғы қатардағы тәжірибелерді насихаттау; Қазылар алқасының құрамында жұмыс атқарғандар : п.ғ.к., ПМПИ профессоры- С.В. Осипова, п.ғ.к., ИнЕУ-нің аға оқытушысы магистр-А.М.Утилова, ББжТИДО директор орынбасары А.А. Қожахметова, ББжТИДО әдіскері - Л.А.Алейник, әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.С. Нұрахметова , А.Е. Юсупова – білім беру бөлімінің әдіскері. Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталды: «Кәсіпқой – менеджер» - №29 сәбилер бақшысының әкімшілігі О.А.Рысай, А.Г. Терешкина; «Сапа шыңы» -№2 ЖОМ технология мұғалімі М.Н.Мұхтарова; «Жетістік амалы» -№ 17ЖОМ әкімшілігі М.Ш.Темірболатова, Л.С.Овчарова, М.К.Кенесбаева; «Болашаққа бағытталған қадам» -№ 28 ЖОМ әкімшілігі Г.С.Мантыкова, З.А.Ахтанова, Н.К.Камалитдинова; «Ашық әлем» - № 42 ЖОМ директор орынбасарлары Л.С.Омарова, А.Қ. Абаева, Е.В.Чижова; «Дебют» -№ 2 ЖОМ мұғалімдері А.Қ.Наманаева, М.Т.Қажмағамбетова, Қ.С.Ерғалиев, М.Х.Бұшымбаева, А.М.Жапарова, А.Б. Абуова; - № 7 ЖОМ мұғалімдері А.Ж.Бахтиярова, А.Қ.Муссина Әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.С.Нұрахметова