ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының арасындағы қалалық «Ағартудан жаңашыл педагогикалық теория мен тәжірибеге» сайысы
20-05-2015 09:59

Заманауи технологияларды қолданатын, шығармашыл педагогтарға қолдау көрсету, олардың озық тәжірибелерін насихаттау және технологияларды қолдану тиімділігін бағдарлау, педагогтік тәжірибені жетілдіру формаларын жалпылау мақсатында Павлодар қаласының білім беру бөлімі жыл сайын «Ағартудан жаңашыл педагогикалық теория мен тәжірибеге» сайысын өткізеді, аталған сайыстың қорытынды кезеңі 2015 жылғы 12 наурызда өткізілді.

Сайысқа 8 бағыт бойынша 43 жұмыс ұсынылды: білім беретін технология және әдіс-тәсілдер, балалар денсаулықтарын нығайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту (бейнелеу мен ән-күй), математикалық қабілеттерін және логикасын дамыту, қазақ тілін үйрету, тіл мүкістіктерін түзету жұмысы, тілдік қабілеттерін дамыту, мектепке дейінгі мекеме әдіскерінің кәсіптік шеберлігі. Аталған сайыс тақырыптары өзекті және оның мазмұны заман талаптарына сай келеді. Сайысқа түскен 19 жеңімпазшының ішінен 7 педагог өз педагогикалық тәжірибелерін таратуға мүмкіндік алды. Педагогтарға жаңа жетістіктер тілейміз!