Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ХI облыстық мұғалімдер пәндік олимпиадасының қорытындысы
20-05-2015 08:28
ХI облыстық мұғалімдер пәндік олимпиадасының қорытындысы

Инновациялық Еуразия университетінде мұғалімдердің ХI облыстық пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиада ұйымдастырушылары Павлодар облысының білім беру басқармасы болып табылады. Олимпиадаға Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, облыс аудандарынан, дарынды балаларға арналған мамандандырылған жалпы орта білім беру мектептерінен 243 ұстаз қатысты. Қазылар алқасы құрамында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, Инновациялық Еуразия университетінің ғалымдары мен оқытушылары, Инновациялық орталық әдіскерлері, облысымыздың жалпы орта білім беру мектептерінің озық ұстаздары жұмыс жасады. Облыстық олимпиада кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін, пән негіздерінің теориялық және практикалық терең білімдерін, облыс мектептері ұстаздарының түрлі шығармашылық әлеуетін растады. 2015 жылғы олимпиада ерекшелігі – Қазақ Хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығымен ұштастырылған сұрақтардың болуы. Олимпиада қорытындылары бойынша І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталған 46 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды. Қала командасының 26 қатысушыларынан 8 мұғалім облыстық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып атанды. І орын
Неміс тілі
Мамраева Асемгуль Темировна Павлодар қаласының №14 жалпы орта білім беру мектебінің неміс тілі мұғалімі
Информатика
Онацько Юрий Николаевич Павлодар қаласының №16 жалпы орта білім беру мектебінің информатикa мұғалімі
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сыныптар
Живетьева Анастасия Андреевна Павлодар қаласының №9 жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімі
ІІ орын
Математика
Щипицина Елена Анатольевна Павлодар қаласының №29 жалпы орта білім беру мектебінің математикa мұғалімі
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сыныптар
Бектурганова Гульмира Даулбаевна Павлодар қаласының №21 жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімі
ІІІ орын
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Бопышева Асель Абулкаировна Павлодар қаласының №34 жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілінде оқытатын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Физика
Хасенова Гульнара Каиржановна Павлодар қаласының №29 жалпы орта білім беру мектебінің физика мұғалімі
Информатика
Зарипбаева Алия Токеновна Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беру мектебінің информатика мұғалімі
Жеңімпаздарды мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!!!

Ш.С. Нұрахметова,

Павлодар қаласы білім беру бөлімі

әдістемелік кабинетінің меңгерушісі