Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас ұстаздардың женісі
18-05-2015 01:51
Жас ұстаздардың женісі
2015 жылғы 3-5 мамыр аралығында Петропавл қаласында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» халықаралық педагогикалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстанның дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден, жалпы білім беру мекемелерінен 300-ге жуық педагогтер мен психологтар қатысты. Педагогикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне Павлодар облысынан 10 жүлдегер ұстаз катысты. Павлодар облысының намысын қорғаған қатысушы ұстаздар өздерінің педагогикалық шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін халықаралық байқауда жоғары деңгейде көрсете алды. Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша 2 орынды Павлодар қаласының №34 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мисюль Яна Александровна, 3 орынды Павлодар қаласының №19 жалпы орта білім беру мектебінің информатика мұғалімі Серикбаев Алмас Сансызбайұлы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталды.