Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инновациалық педагогикалық тәжірибенің алқалы тыңдалымы
08-05-2015 05:46
Инновациалық педагогикалық тәжірибенің алқалы тыңдалымы

Қазіргі заманауи мектептердің маңызды міндеттерінің бірі- функциональды сауаттылығы қалыптасқан адамдарды тәрбиелеп шығару. Бұл міндет педагогтардың үздіксіз білімін жетілдіру жүйесін, іс-тәжірибелік қызметтерінде педагогика ғылымының жаңа жетістіктерін және алдыңғы қатарлы инновациялық педагогикалық тәжірибе, жаңа технологияны, интербелсенді формаларды кіргізуді талап етеді. Себебі білім саясатындағы түбегейлі өзгерістер күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмаларды өз бетінше жұмыс түрін ұйымдастырудан бастау қажет екендігі айқын көрсетуде. Оқушылар оқытушы қауымнан өз бетінше жұмыстар арқылы білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Осындай келелі міндетті атқару үшін мұғалім үнемі ізденіп, өз кәсіби шеберлігін арттыруға тиіс. Ұстаздың құзыреттілігін көтеру жолында Павлодар қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет қызметкерлері көптеген жұмыстар атқаруда, соның ішінде инновациялық педагогикалық озық тәжірибесін жинақтауға, қорғауға, таратуға қатысты біршама пайдалы іс-шаралар ұйымдастырады. Осы жолда дәстүрге айналған инновациялық педагогикалық тәжірибенің алқалы тыңдалымы өткізілді. Павлодар қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастырған алқалы тыңдалымының басты мақсаты - шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс жасайтын, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін дарынды ұстаздарды анықтау. 2015 жылдың қаңтар айының 30-ы күні Инновациялық Еуразия Университетінің негізінде инновациялық педагогикалық озық тәжірибенің алқалы тыңдалымы өткізілді. Қаирбекова Бағжанат Дындарбекқызы - Әлеуметтік және жастар саясаты бойынша ИнЕУ проректоры, университеттің «Мектеп және жоғары оқу орны» бағдарламасына көп көңіл бөлетінін және осындай іс-шаралар баршылық екенін айта кетті. Нұрахметова Шолпан Сәменқызы – Павлодар қ. әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, барлық мұғалімдерге, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, Инновациялық Евразиялық университінің профессорлық- оқытушы құрамына, Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлеріне ынтымақтастықта қызмет жасап, қолдау көрсеткендеріне алғыс айтты. Инновациялық педагогикалық тәжірибені қорғаудың әділ қазылар мүшелерін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының білікті де, білімді де ұстаздары - Оразханова Майгүл Еренғайыпқызы, Жумашева Анара Шариповна, Осипова Серафима Валерьяновна, Кенебаева Маржан Ахметкәрімқызы Инновациялық Евразиялық университінің профессорлық- оқытушы құрамы - Имамбаева Ғайша Ертайқызы, Бейсембаев Амангельды Рақышұлы, Хамитова Гүлмира Әбуқызы, Химич Галина Захаровна, Утилова Айгүл Мұратқызы, Молдағали Бақытгүл, Айтуллина Бақытгүл Анварбекқызы, Раздыков Сакен Зейнуллович, Семенова Лариса Александровна, Чернышев Максим Николаевич, Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері - Неғманова Құралай Уахитқызы,Бейсенова Қымбат Темірболатқызы, Барамбаева Бағдат Серікқызы, Мұсабаева Назипа Жармағамбетқызы, Слямова Жанар Амантайқызы, Аушахманова Бақытгүл Төлегенқызы және мектеп директорларының орынбасарлары, қала мектептерінің шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдері құрады. Инновациялық тәжірибенінің алқалы тыңдалымы 7 секция бойынша өтті. Бұл іс-шараға мектептерден 300-ден аса мұғалім тыңдаушы ретінде қатысып, жаңашыл, креативті, шығармашылығы мол 58 мұғалімнің тәжірибелерін тамашалады. Ал келесі мұғалімдердің жұмыстары жаңашылдығымен және өзектілігімен көзге түсіп, ең үздік педагогикалық тәжірибе деп белгіленді: Лунгу Наталья Николаевна (№1ЖОМ), Бердыгожаева Жанат Ахметқызы (№22ЖОМ), Байгузинова Анар Рамазанқызы (№29ЖОМ), Махамбетова Ботагөз Қайыргелдіқызы (№35ЖОМ), Железнова Алена Николаевна (№9ЖОМ), Иванова Наталья Владимировна (№21ЖОМ) бастауыш сынып мұғалімдері, Дюсембекова Сандыгүл Тендікқызы (№21ЖОМ), Теміржанова Меруерт Әсетқызы (№25ЖОМ), Шахметова Райхан Сапарғалиқызы (№36ЖОМ) қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері, Кульжанов Гамал Қайыргелдіұлы (КОМ), Смагулова Қымбат Ерболатқызы (№25ЖОМ),тарих пәні мұғалімдері, Маркина Наталья Геннадьевна (№29ЖОМ), Иванова Евгения Викторовна (№42ЖОМ) биология мұғалімдері, Калиева Розангүл Еркінқызы (№41ЖОМ), Қасымқанова Әлия Серікқызы (№42ЖОМ) математика мұғалімдері, Кобец Оксана Михайловна (СТИКС), Куниязова Райхан Садуақасқызы (№22ЖОМ) өзін-өзі тану мұғалімдері, Уалиева Гүлнар Тельманқызы (№21ЖОМ) музыка мұғалімі, Цибулько Олеся Александровна (№42ЖОМ), Дистель Раиса Зейнуровна (№18ЖОМ), Советина Ольга Юрьевна (№21ОМ) дене шынықтыру мұғалімдері, Төлеубаева Жанагүл Бағдатқызы (№25ЖОМ) психолог. Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесінің жаңаруы мұғалімнің алдына зор міндеттер жүктеп отыр. Сондықтан, оқу үрдісін жандандыру, оқытудың әдістерімен тәсілдерінің пәнді игерудің тың технологиясын іздестіру- оқушылардың білім деңгейін, оқу ынтасын, белсенділігін арттырудың бірден бір тиімді жолы. Сол жолды шешу әрине, ұстаздың кәсіби педагогикалық іс-әрекетіне байланысты болады. Бұл іске мұғалім ізденіп, өз білімін жетілдіріп, шығармашылықпен үздіксіз жұмыс жасап, іскерлік қабілетін ұдайы арттырған да ғана қол жеткізеді. Бұл жолда да озық тәжірибемен бөлісетін мамандар бар және шығармашыл, дарынды, жаңашыл ұстаздардың қатары көбейеді деген пікірге кәміл сенеміз. Павлодар қаласының білім

беру бөлімінің меңгерушісі Ш.С.Нұрахметова