ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Тіл-достықтың құралы-2015 ж. " конкурсының қорытындысы
23-04-2015 23:36
2015 жылдың 5 қаңтарынан бастап 8 қаңтары аралығында № 25 ЖОМ, № 39 ЖОМ, № 36 ЖОМ, № 16 ЖОМ, № 43 ЖОМ базасында Ұлы Отан соғынының 70 жылдығына және Кеңес жауынгерлерін Ауғаныстанға шыққанына 26 жылдығына арналған әскери-патриот әндерінің фестивалінде іріктеу туры өткізілді. Бұл іс шараның мақсаты жастардың бойына азаматтық позицияны, өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына патриотизм рухын тәрбиелеу және олардың бойынан көркем-шығармашылық дәстүрін дамытып, олардың бойынан дарындылықты анықтау. Фестивальдің қатысушыларына екі шығармадан орындауға рұқсат берілді. Оның біреуі ауған тақырыбына арналған болуы керек болса, екіншісі Ұлы Отан соғысына арналған болуы қажет. Әділ қазылар алқасына Ауған соғысының ардагері Б.Н.Майкотов, қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Н.Ж.Тасыбаев, № 3 музыка мектебінің мұғалімі М.В.Курлиутова, № 5 ЖОМ тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары Г.А. Кузнецова, № 5 ЖОМ АӘД ұйымдастыру-мұғалімі С.В.Емельянов болды. Барлық орындаған оқушыларды үлкен қызығушылық пен зейінмен тыңдады. Қатысушылардың вокалды-техникалық мәліметі, орындау мәдениеті және көркем орындауы, әртістігі және ән-күй орындауы, сонымен қатар фестивальдің тақырыбына сәйкестігі қаралды. Фестивальге 29 мектеп қатысты. 47 ән орындады. Конкурстың финалында 20 мектептен келген қатысушылардан 28 музыкалды композиция іріктеліп алынды. № № 41, 28, 35, 36, 20, 9, 21 мектептердің қатысушыларының орындаушылық деңгейі жоғары болды. Әр мектеп фестивальге қатысушылар сценарий, презентация дайындап, ән-күймен рәсімделді. № 36 және № 43 мектептердің дайындығын ерешке атауға болады.. Балалардың орындауларын 2015 жылдың 8 қаңтарында «Ирбис» телеканалында көрсетті. Қалалық әскери-патриоттық әндерінің фестивальінің финалы № 5 ЖОМ базасында 7 ақпан айында өтеді. Қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Н.Ж.Тасыбаев