Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаз мезгілінің жарқын күндері
09-08-2016 05:38
«Сириус» профильді лагеріндегі бүгінгі күннің басты оқиғасы екінші жасақтың кішкентай балалары салған он суреттен құрылған «Сүйген жүрек» коллажы болды. Әр бала өз түсінігінде қуаныш, махаббат, бақытты пайымдай отырып, қағаз бетіне түсіре білді. Жүрегіміздің бір бұрышына үңіліп қарасақ арман, жанұя, денсаулық, табыс, білім және өсіп-өнуіміз бар екенін түсінеміз. Балалар суретте көргендерін талқылағаннан кейін өз ойларын ортаға салды. Әркім бақытты болып, өмірде белгілі-бір жетістікке қол жеткізгісі келетінін айтып берді. Бірінші жасақтың балалары «Сүйген жүректі» көріп, өздерінің «Көңілді жарыс» коллажын дайындауға отырды. Әр суретті салуға көп күш талап етілді. Балалар ерінбей, жалықпай қызығушылықпен кірісті. Сонымен бірге, балалардың музыка әуенімен өз образы, мінезі мен жеке тұлға екенін көрсететін өз қолдарымен әзірлеген «Маскарад» жаңа жобасы пайда болды. Бұл жерде әртістік шеберлік, хореографиялық пластика және музыкалық шеберліктің пайда болу мүмкіндігі бар. Бүгін вокал сыныбында артикуляция және дикция үшін барлық баланың көңіл-күйін көтеретін жаттығулар жасалып, жаңа әндер үйренді. Балалар «минусовкамен» ән орындағаннан кейін өз-өздеріне қошемет көрсетіп марапаттады.