8 шілде «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының негізінде «Көңілді олимпиядалық старттар» ұйымдастырылды. Бағдарлама мазмұнды болып көп жарыстардан тұрды. Бірінші тапсырма топтарды таныстыру болды. Таныстырулар ұйқасып көңілді айтылды. Топтарға қиын әрі қызықты жүгіретін, секіретін, кедергілерден өтетін, және әр түрлі шығармашылық тапсырмалар берілді. Бұл жарыстың барлық кезеңдері қызу жарыста өтті. Көрермендер мен жанкүйерлер өз топтарын қолдап уайымдап тұрды. Спорттық екпін мен жеңіске жетуге деген ынта балалардың көңілдерін жаулағаны соншалық, олар жан-жағындағы болып жатқан нәрселерге мән берген жоқ. Барлығы мәреге бірінші болып жетуге тырысты. Залда балалардың күлкісі мен шуы, қуанышы естілді. Барлығы бақытты болды. Ал балалардың көзіндегі қуанышты көру мерекені ұйымдастырушы адамдарға үлкен марапат. Сайыстың нәтижесі бойынша «Сауран» бірінші орынды, «Эмералд» екінші орынды, үшінші орынды «Марафон» тобы иеленді. Барлық топтар Құрмет грамоталарымен, сыйлықтармен марапатталды. Онымен қоса күш қуат пен көп жақсы көңіл күй алды.