Астана күніне орай ұйымдастырылған «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубындағы мерекелік бағдарлама
6 шілде «Жігер» БЖК түркі халықтары музыкасының фестивалі Астана күніне арналып өткізілді. Сахнада ұйғыр, өзбек, қазақ, әзірбайжан халықтарының әндері мен билері көрсетілді. . Клуб тәрбиеленушілерінің ата-аналарының қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылды. Мереке қонақтары үйде пісірілген тәттілерден ауыз тиді.