ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Өткен уақытта қонақта
01-07-2016 07:04
Мектеп оқушыларының кітап туралы, туған Ертіс өңірі тарихы туралы білімдерін кеңейту мақсатында балалар П.Васильев атындағы қалалық орталық кітапханаға барды. Кітапхана қызметкерлері балаларды қуана қарсы алып, ұмытылмас кітап әлеміне саяхат жасауға шақырды. Балалар алғашқы кітаптар мен газеттердің шығу тарихы туралы, олардың таптырмас даналары туралы әсерлі әңгімелерін тыңдады. Шәкірттер кітапханадағы кітаптар қандай тәртіппен орналастырылатынын, балалардың қандай кітаптарды жақсы көретінін білді. Сонымен қатар, «кітапхана қожайындары» ертегі кейіпкерінің қатысуымен викторина өткізді: мультфильмдегі Гарфилд мысықтың барлық сұрақтары аса қызығушылықпен тыңдалды. Арнай шақыртылған өлкетанушы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Эрнест Дмитриевич Соколкин қаламыздың мәдени және тарихи мұрасы-қала көшелері, ғимараттары, танымал тұлғалары туралы айтып кетті. Мұражай ісіне берілген, өлкеміздің тарихын анық-қанығына дейін білетін өлкетанушы бізді уақыт құрылғысындай бізді әр дәуірге апарды. Барлық қатысушыларға Павлодар қаласының XIX-XX ғ. архитектуралық құрылыс ескерткіштерінің фотокөрсетілімдері есте қалды. Іс-шара «Ғажайып жаз» тақырыбында асфальтқа сурет салу конкурсымен аяқталды. Кері жолда балалар кітапханада көргендерін еске алып, экскурсиядан алған әсерлерімен бөлісті. Барлығы да кітап мұқабаларының әдемілігі туралы, Павлодар тарихының қызықты оқиғалары туралы айтып жатты. Балалар келесіде кітапханаға ата-аналарымен бірге келетіні туралы уәде берді.