Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Атамекен» жобасы шеңберінде өткізілген «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлер сайысы
«Жігер» БЖК жазғы алаңында «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлер сайысы ұйымдастырылды. Шараға 12 топ қатысты (11 клуб және №9 ЖОББМ).100 баладан астам бала шараға тартылды. Зияткерлер сайысқа түсіп, өлкеміздің көп оқыған білгірі атағын алуға тырысты. Жарыс өте қиын болды, сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарымыздың аты жөндері келесідей: 1 орынды «Рақым» клубы иеленді 2 орын – «Болашақ» клубы 3 орын – №9 ЖОББМ тобы