Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қызықты және танымды
20-06-2016 07:12
2016 жылы 17 маусымда қала мектептерінің командалары арасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 – жылдығын мерекелеу шеңберінде Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығымен «Керемет» - «Квест-игра» жазғы жобасының алғашқы туры өткізілді. Жоба жазғы кезеңдегі балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамту бойынша «Әлем Бала» бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады және әртүрлі шығармашылық алаң бойынша байқау өткізуді еңгізеді. Осылай, Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығы жазғы кезеңде оқушылардың ерекше бос уақытын қамтуды қамтамасыз етеді. Жыл сайын байқау бағыты ауысып тұрады, бірақ спорттық тур оқушылардың көптеген сұрауы бойынша өзгеріссіз қалады. Осы шара спорттық – ізденіс ойын типі бойынша өтеді. Қаланың 22 мектебінің командасы станция бойынша 10 ойында белсенді қатысты: «Веселые шарики», «Лейся, песня», «Ожерелье», «Паутинка», «Попрыгунчик» және тағы басқалар. Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығы байқау бағдарламасына оқушылар арасындағы танымал ойындар мен тапсырмаларды еңгізуге тырысты. Шығармашылық турлардың нәтижесі бойынша ең жақсы командалар диплом және сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар 1 орын - ЖОМ № 41, 2 орын - ЖОМ № 6, 3орын - ЖОМ №12. Белсенді қатысқандары үшін № 5, 14, 26, 33, 40 мектептер грамоталармен марапатталды. Жалпы қамтылуы 300- ден аса балалар. Балаларды кезекті турда күтеміз.