ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ахмет Жұбановтың 110-жылдығына арналған жас музыканттардың 16-ші қалалық білім беру фестиваль-конкурсы.
18-02-2016 06:28
2015 жылдың 16-17 ақпанында Павлодар қаласы №2 Балалар музыка мектебі және Құрманғазы ат.№1 балалар музыка мектебі негізінде Ахмет Жұбановтың 110-жылдығына арналған жас музыканттардың 16-ші қалалық білім беру фестиваль-конкурсы өтті. Конкурстың ұйымдастырушысы Павлодар қаласының білім беру бөлімі. Конкурс екі бағытта өткізілді: жеке орындаушылық (фортепиано) және ұжымдық саздандыру (хор ұжымдары). Осы әйгілі музыкалық сайысқа қалалық балалар музыка мектептерінен 100 – ге дейін оқушы қатысты. Құрманғазы ат.№1 БММ оқушылары өздерінің жоғары деңгейдегі орындаушылықтарын көрсетті, бұны олардың марапатталуларынан көруге болады. Конкурсың жоғарғы марапаты - Гран-при - ұжымдық саздандыру номинациясында Жоғары сыныптар хоры (жет. К.В.Миронец) лайықты деп табылды. Фестиваль-конкурстың лауреаттары: Диана Рудишева (мұғ. Е.А.Попова) – 1 орын, Ирина Куршакова (мұғ. М.Б.Зверева) – 2 орын, Карина Халимон (мұғ. С.С.Камкина) – 2 место, Ұлдар хоры (жет. С.А Бахмат.) - 2 орын. Жас музыканттардың 16-ші қалалық білім беру фестиваль-конкурсы конкурстың жеңімпаздары мен олардың педагогтарын марапаттауымен аяқталды. Біз конкурстың қатысушылары мен олардың педагогтарын жоғары кәсіби жетістіктерімен құттықтаймыз, келесі облыстық фестиваль-конкурста жеңіске жетулеріне тілектестігін білдіреміз!