ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ШМИДТ ЛИДИЯ АНДРЕЕВНА
06-07-2015 15:55
ШМИДТ ЛИДИЯ АНДРЕЕВНА
1971 жылы Барнаул педагогикалық институтының шетел тілі факультетіне түсіп, оны 1976 жылы аяқтады, неміс тілі және неміс әдебиеті мұғалімі мамандығын алды. 1976 жылдан 1978 жылға дейін Октябрь орта мектебінде неміс тілі мұғалімі болып істейді. 1978 жылдан 1981 жылға дейін Павлодар қаласының № 8 орта мектебінде мұғалім болып істеді. 1981 жылдан 2002 жылға дейін №22 орта мектебінде неміс тілі мұғалімі болды, 2002 жылдан «Стикс» мектебінің неміс тілі мұғалімі. Шмидт Лидия Андреевна – жоғары білікті, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог. Шмидт Л.А. – неміс тілі мұғалімдері Одағының белді мүшелерінің бірі. Көп жыл бойы неміс тілі мұғалімдерінің республикалық съезінің делегаты болды. 2014 жылдан бастап Павлодар облысы білім беру мен тәрбиелеуді дамыту Орталығының әдіскерлерінің шет тілдері мұғалімдерінің шығармашылық тобының белсенді қатысушысы. Инновация жұмысы үшін сертификаттармен, Құрмет Грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды (2014, 2015 жылдары), Қазақстан Республикасының білім , мәдениет және денсаулық Министрлігінің Құрмет Грамотасымен(1998 ж.), облыс әкімінің Құрмет Грамотасымен (2008 жыл), «Облыс алдындағы жетістіктері үшін» Төс белгісімен, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің, Павлодар облысы басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Оқушыларды пәндік олимпиадаға және жобалар сайысына дайындауда елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Педагогикалық қызметінің барлық жылдарында Лидия Андреевна қалалық, облыстық және республикалық пән олимпиадасының 100 жеңімпаздарын дайындады, оның ішінде- 19 республикалық.Соңғы жылда оның оқушылары қалалық, облыстық, республикалық байқауларының жеңімпаздары болды (2 орын-2014 жылы, 1 орын-2015 жылы).