Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
УТЕГЕНОВ АБДРАСЫЛ КОНАЕВИЧ
06-07-2015 15:54
УТЕГЕНОВ АБДРАСЫЛ КОНАЕВИЧ
Әбдірәсіл Қонайұлы Өтегенов – Павлодар қаласы мектептерінің шежіресінде тәрбие саласындағы ұзақ жылғы жемісті нәтижелі еңбегі үшін алтын әріппен жазылып қалған есім. Ол 1951 жылы Алматы педагогикалық институтын физика мамандығы бойынша бітірген.Содан бастап 1992 жылға дейін 40 жылдан астам уақыт бойы Абай атындағы № 10 орта мектепте қызмет атқарып, шәкірттерді тәрбиелеу ісінде алдына жан салған майталман мұғалім. Оның Павлодар қаласы білім беру саласының тәрбие жұмысына қосқан үлесі ұшан – теңіз. 35 жыл тәрбие ісінің меңгерушісі болып, қызметімен халыққа танымал болған. Ол ұзақ жылғы нәтижелі қызметі үшін КСРО және Қазақ КСР – інің еңбек сіңірген мұғалімі атақтарымен марапатталған.