ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
САПАРГАЛИЕВА СВЕТЛАНА СЕРГЕЕВНА
06-07-2015 15:43
САПАРГАЛИЕВА СВЕТЛАНА СЕРГЕЕВНА
Светлана Сергеевна Сапаргалиева 1946 жылы 4 наурыз дүниеге келді. Светлана Сергеевна Сапарғалиева – педагогикалық еңбек ардагері, №21 педагогикалық мектеп ұжымын 25 жыл басқарды. Жұмысқа қабілетті, ұйымшыл ұстаздар ұжымын құра білді. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары әр түрлі зияткерлік шығармашылық конкурстарға қатысып, жеңімпаз атанды. Светлана Сергеевна оқу-тәрбие үдерісінде кешенді тәрбие бағдарламасын жетілдіруде ерекше көңіл бөлді және жоғары көрсеткішті көрсете білді. 1999 жылы осы модель үлгісі Павлодар облысында бірінші орынға ие болды және ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталды. Іскерлік, өз ісін шығармашылықпен жүзеге асыру қабілеттілігі, берік ұстанымы – өз әріптестері, ата-аналар, оқушылар, қала мұғалімдері арасында беделін жоғарлатты. Светлана Сергеевна оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде және педагогикалық ұжымды қалыптастыруда қосқан үлесі үшін «ҚСРО халыққа білім беру үздігі», «ҚСРО ағарту үздігі» төс белгілерімен, ҚР Білім беру министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.