Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
ЖАЛМАГАМБЕТОВА БУЛГУН ЧАКЕНОВНА
06-07-2015 15:33
ЖАЛМАГАМБЕТОВА БУЛГУН ЧАКЕНОВНА
Бұлғын Шакеновна Жалмағамбетова 1955 жылы дүниеге келді. 1978 жылы «Математика мұғалімі» мамандығы бойынша Өскемен қаласының педагогикалық институтын бітірді, 1999 жылы экономист – менеджер мамандығы бойынша Павлодар университетінде екінші жоғары білімін алды. 2010 жылы академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жанында Б. Жалмагамбетова «Формирование здоровье сберегающего образовательного пространства в условиях средней общеобразовательной школы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Институтты тәмәмдағаннан кейін Б. Жалмағамбетова Шығыс-Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Бобровка ОМ математика мұғалімі болып жұмыс атқарды. 1980 жылы Шығыс-Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Орловка ОМ директоры болып тағайындалды. 1981 жылдан бастап – Павлодар қаласының №8 ОМ математика мұғалімі. 1983 жылы Павлодар қаласының Индустриалды ауданы білім беру бөлімінің әдіскері лауазымына ауыстырылды, содан кейін №36 орта мектебінің математика мұғалімі болып жұмыс атқарды, 1994 жылы №24 орта мектебінің директоры болып тағайындалды, 1994 жылы дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 мектеп-лицейінің директоры болып ауыстырылды, 2005 жылы — Павлодар қаласының №24 мектебінің директоры, 2007 жылы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, 2007 жылдың қазан айында Павлодар қаласының жаңадан ашылған №25 ЖОМ директоры болып тағайындалды. 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының директоры болып жұмыс істейді. Білім саласындағы жұмыс тәжірибесі 37 жыл, соның ішінде 20 жыл басшылық етуші лауазымдарында. Осындай өнегелі өмір өмірде сирек кездеседі, бір кезде жас кезінде таңдап алған жолымен адам өмір бойы жұмыс жасайды. Білім және ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алған марапаттары: 1997 жыл – «Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі», 2010 жыл — Қазақстан Республикасы білім беру саласының Құрметті жұмыскері, «Ведущий к вершине Олимпа», «Құрмет» ордені, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты, 2012 жылы «Облыс алдындағы қызметтері үшін» Құрмет белгісі.