ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
АБЕЛЬДИНОВА КУЛЯШ САЯРОВНА
06-07-2015 15:31
АБЕЛЬДИНОВА КУЛЯШ САЯРОВНА
Куляш Саярқызы Абельдинова 1948 жылы 13 қарашада дүниеге келді. К.С.Абельдинова 1966 жылы Павлодар педагогикалық училищесін тәмамдап өзінің еңбек өмір жолын бастады. Жас маман өзінің жоғары кәсіби шеберлігімен, еңбекқорлығымен, өзін-өзі жетілдіруге талпынуымен көзге көрінді. Жеке тұлғалық қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілеттерінің болуы, Алма-Аты педагогикалық институтын бітіргеннен кейін, Павлодар Алюминий зауытының №50 сәбилер бақшасын басқаруына мүмкіндік берілді. Куляш Саярқызы жұмысының ерекшелігі жүйелі-аналитикалық жұмысқа деген қатынасы, әрбір педагогтың мүмкіндігін ашу мен біртұтас педагогикалық үдерісін ұйымдастыру қабілеті оның айрықша басқару стилінде ерекше орын алды. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу туған өлкенің табиғатымен танысуымен жүргізілді. Экологиялық таза микроклимат ұйымдастыру үшін К.С.Абельдиновамен көптеген шаралар өткізілді. Табиғат жолы және көптеген ағаш және бұта түрлерінің отырғызылуынан басталды. №50 сәбилер бақшасының ұжымын жақсы басқаруы мен экологиялық бағыттағы жұмысы үшін дипломдармен, құрмет қағазымен, алғыс хаттарымен марапатталды: «ЭКО фестиваль «Өмір сүр туған жер»(2002ж)», « Ең жақсы маңайындағы аумақ»(2002ж), «Жылдың үздік балабақшасы»(2004ж), «2005 балабақша» сайысы бойынша гран-при. Баянды еңбек үшін құрметті атақтары берілді: «Коммунистік ерен еңбек екпіндісі» (1971ж), «Облыс еңбек ардагері» (1983), «ҚР білім озаты » (1997), бағалы сыйлықтармен марапатталды және «Каз.ССР білім беру министірлігі» (1984) құрмет грамотасымен , «ҚР 10 жылдығына»(2005) медалімен, «Кто есть Кто в Павлодарской области» (2006) кітабына еңгізілді.