ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
МАКСИЛОВА БАҚЫТЖАМАЛ ШАХАНҚЫЗЫ
06-07-2015 15:30
МАКСИЛОВА БАҚЫТЖАМАЛ ШАХАНҚЫЗЫ
Бақытжамал Шаханқызы Максилова 1948 жылы Павлодар облысы Павлодар ауданында дүниеге келді. 40 жылдан астам білім мекемесінде жұмыс істеді, 20 жылдан астам өмірін жетім балалармен жұмысқа арнады. Бақытжамал Шаханқызы шығармашылықпен жұмыс істейтін басшы. Оның жұмыс стилі ұжым алдына нақты тапсырма беріп, оларды оны орындауына мақсат етіп қою болып табылады. Оның жетекшілігімен мектеп-интернатта тұрақты ұжым, пікірлес команда құрылды. Мектеп өз қызметінің нәтижесі бойынша бірнеше реті білім бөлімі, облыс білім департаментінің алғыс хаттарымен, грамоталармен мараппатталды. Оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтау және көбейту идеясына баурап, «Мұрагер» мұражайын құруды іске асырды. Оның бастамашылығымен әскери-патриоттық, Даңқ залдары құрылып, павлодарлық батырлар туралы өте бай материалдар жиналды. Балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық профилактикасы сұрақтарына, психологиялық қызмет жұмысына айтарлықтай ілтипат көрсетті. Бүкіләлемдік денсаулық ұйымының «Денсаулық сақтауға және нығайтуға әсерін тигізетін мектеп» жобасын іске асырып, мектеп директорлары үшін салауатты өмір салтын үйлестірушілерге облыстық семинар өткізді. Әрбір тәрбиеленушілеріне жаны ауырып, демеушілер мен меценаттарды ынтымақтастыққа тартты. Ұзақ жылғы педагогикалық және басқарушылық қызметінде өзін мақсат қоя білетін, заманауи ойлау қабілеті бар жетекші ретінде көрсете білді. Өзіне және қоршаған адамдарға талап қоя білетін басшы. Жарқын жүзділігімен, елгезектігімен ұжымда және оқушылар арасында беделді.