ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
СМЕРНИЦКАЯ ВАЛЕНТИНА ВЛАДИМИРОВНА
06-07-2015 15:25
СМЕРНИЦКАЯ ВАЛЕНТИНА ВЛАДИМИРОВНА
Валентина Владимировна Смерницкая 1947 жылы 10 наурызда Белоруссияда, Гомельск облысында, Тереховка ауылында дүниеге келді. 1965-1970 жж. Павлодар педагогикалық институтында оқып, мамандығы бойынша орыс тілі мен әдебиет мұғалімі. Институтты бітіргеннен соң түрлі білім мекемелерінде еңбек жолы басталды: Павлодар қаласы Красноармейка ауылы, № 5 ЖОМ-да орыс тілі мен әдебиет мұғалімі, Павлодар қаласында қалалық білім беру бөлімінің әдіскері, № 27 ЖОМ-да сабақтан тыс және мектептен тыс шараларды ұйымдастырушысы, № 11, 1 ЖОМ-да оқу-тәрбие жұмысы жөнінде директор орынбасары. 1990 жылдың көктемінде педагог жаңа Восточный шағын-ауданында салынып жатқан № 41 мектептің директоры ретінде тағайындалды. 1991 жылы В.В.Смерницкаяның белсенділігі арқасында, мектепте СӨС енгізу және дене шынықтыру сабағын 3 сағат өткізу бойынша ПМПИ-дегі дене шынықтыру кафедрасымен бірлесе отырып эксперимент өткізілді. Эксперимент ойдағыдай өтіп, мектеп дене шынықтыру – сауықтыру бағытындағы инновациялық бейіндік мектебінің мәртебесіне ие болды.. Білім беру жүйесіне қосқан үлестер мен жетістіктер үшін бірнеше мәрте қалалық білім беру бөлімінің, облыстық білім беру басқармасының, ҚР білім министірлігінің алғыстарымен, сыйлықтарымен, ақшалай сылықтарымен, мадақтамаларымен, белгілерімен, медальдарымен марапатталды. 1985 ж. «Еңбек ардагері» медалі, 1988 ж. «Отличник народного просвящения Казахской ССР» белгісі, 2013 ж. «Облыс алдында ерекше қызметі үшін» белгісмен марапатталды.