ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
ҚАМАЛ ДИЯРҚЫЗЫ ДИЯРОВА
06-07-2015 15:23
ҚАМАЛ ДИЯРҚЫЗЫ ДИЯРОВА
1948 жылы 15 тамыз күні қызметкерлер арасында Павлодар облысы Лебяжі ауылында дүниеге келді. 1966 жылы Лебяжі орта мектебін бітірді. 1971 жылы Павлодар педагогикалық институтының физика-математика факультетін аяқтады. 1971 жылдан бастап 1973 жылға дейін Лебяжі ауданының Майқарағай орта мектебінде физика мұғалімі болып жұмыс істеді. 1973 жылдан бастап 1987 жылға дейін физика мұғалімі, оқу-тәрбие жөніндегі директор орынбасары ретінде қызмет атқарды. 1987 жылдан бастап 1990 жылға дейін Индустриалды ауданның маманы болып жұмыс істеді. 1990 жылдың маусымынан бастап Индустриалды аудан меңгерушісінің орынбасары болды. 1998 жылдың сәуірінен бастап 2000 жылдың қыркүйегіне дейін Павлодар қаласының №14 ЖОМ-да директор, 2000 жылдың қыркүйегінен бастап 2003 жылдың тамызына дейін № 22 ЖОМ директоры болып жұмыс істеді. Қамал Диярқызы Диярова – Павлодар қаласының білім саласында еңселі еңбек атқарған ұлағатты ұстаздардың бірі. 40 жылдан аса білім саласында атқарған жұмыстары ұшан-теңіз. Қазақ мектептерін қалпына келтіріп санын көбейту, оларды білімді мамандармен қамтамасыздандыру Қамал Диярқызының ерекше қамқорлығында болды. Кәсібилігі, еңбекқорлығы үшін «ҚР білім Үздігі», ҚР БҒМ грамотасымен марапатталды.