Өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының, әдістемелік кабинетінің ережесінде анықталған қызметтерді орындайды және міндетті:
-
орыс және қазақ тілде оқытылатын мектептердегі химия, биология, география мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетуге;
-
жаңа бағдарламаларды, оқыту -әдістемелік кешендерді, ҚР жаңа мемлекеттік стандарттарын білу және енгізу жөніндегі мұғалімдердің жұмысын ұйымдастыруға;
-
дарынды балалармен жұмыс жасауға, олимпиадаларды өткізуге, пән бойынша шығармашылық сайыстарды ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсетуге;
-
тәжірибелермен алмасуды зерттеу, жинақтау және жалпылау, оны насихаттауға;
-
оқу-тәрбиелік үрдісінің мазмұнын жаңарту бойынша және оқытудың жаңа технологияларын енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға;
-
берілген пәндер бойынша шығармашылық топтардың жұмысына жетекшілік ету, мектептердің аттестацияға дайындалуына әдістемелік көмек көрсетуге;
-
сараптама комиссияның жұмысын ұйымдастыру, шығармашылық сайыстар өткізуге;
-
олимпиадалар мен мемлекеттік емтихандар материалын құрастыруға қатысу;
-
қала мектептерінде бақылау үзіктерін өткізу (мәтіндерді құру, мәліметтерді жинастыру, бақылау үзіктері бойынша аналитикалық материалдарды құру).
-
қаланың жоғары оқу орындарымен ,педколледжбен және облыстық ПКБ АИ әдіскерлерімен бірлесу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау;