Өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының, әдістемелік кабинетінің ережесінде анықталған қызметтерді орындайды және міндетті:
-
оқу-тәрбиелік үрдісінің мазмұнын жаңарту мен әдістемелік жұмыстың жаңа технологияларын енгізу және жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жүйелеу;
-
педагогикалық кадрлардың аттестация өткізу бойынша жұмысты жүйелеу, мектеп мұғалімдеріне аттестацияға дайындығында әдістемелік көмек көрсету;
-
мемлекеттік тілде және орыс тілде оқытылатын мектептерде өзін – өзі тану және қоғамдық пәндер мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету;
-
жаңа бағдарламаларды, оқыту - әдістемелік кешендерді, ҚР жаңа мемлекеттік стандарттарын білу және енгізу жөніндегі мұғалімдердің жұмысын ұйымдастыру;
-
дарынды балалармен жұмыс жасауға, олимпиадаларды өткізуге, пән бойынша шығармашылық сайыстарды ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету;
-
тәжірибелермен алмасуды зерттеу, жинақтау және жалпылау, оны насихаттау;
-
оқытудың жаңа технологияларын енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
-
берілген пәндер бойынша шығармашылық топтардың жұмысына жетекшілік ету;
-
шығармашылық конкурстарды ұйымдастырып, өткізу, конкурстардың материалдарын жүйелеу;
-
олимпиадалар мен мемлекеттік емтихандар материалын құрастыруға қатысу;
-
қала мектептерінде бақылау үзіктерін өткізу (мәтіндерді құру, мәліметтерді жинастыру, аналитикалық материалдарды құру).
-
қала мектеп мұғалімдерінің шығармашылық белсенділігі бойынша мониторинг жүргізу;
-
қаланың жоғары оқу орындарымен,педколледжбен және облыстық ПК БАИ, БТДИО әдіскерлерімен бірлесу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау;