Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар демалысы
09-02-2017 04:52
Балалар демалысы

Қысқы демалыс кезінде Павлодар қаласының даярлық топтары тәрбиеленушілері мұражайларға, театрларға, ойын аттракциондарында болып, әр түрлі мәдени - бұқаралық шараларға қатысты. Балабақша балалалары үшін «Үлкен жарыстар», «Кім жылдам», «Ғажайып алаң», «Кіші олимпиадалық ойындар»,  «КВН», викториналар, «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Ойнайық та ойлайық», ата-аналармен, педагогтермен біріккен сайыстар дәстүрге айналды.

Қаланың көз тартарлық жерлерімен таныстыру мақсатында, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау бойынша дағдыларын бекітуде № 24 балабақша тәрбиеленушілері Павлодар өрт - техникалық мұражайында болды. Мұражай қызметкерлері балаларға өрт сөндіруші мамандығы, өрт сөндіру ісі қалай дамығаны, өртпен күресетін адамдардың шеберлігі және техника қалай дамығаны туралы айтты.

Балаларды өрт сөндіруге шыққанда мінетін көлік, өрт сөндіруші киімі,өрттің себебін туғызып және адамдардың өліміне әкелген электр құралдары қызықтырды.

№ 53 балабақшада балалардың әктерлік қабілеттерін, әсерлік кеңістіктерін, сөйлеу тілін дамыту мақсатында КВН, сахналау көрністерін өткізді.

№ 112  балабақшада кіші олимпиадалық ойындар өтті.Балалар спорттық ойындарға,қызықты жарыстарға қатысты. Мереке балаларға, жарыс жігерін көтеруге, беріліп іс - әрекет жасауға, қиындықтарды жеңе білуге көмектесті.