Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Толерантты қарым-қатынасқа тәрбиелеу
10-02-2017 04:36
Толерантты қарым-қатынасқа тәрбиелеу

Павлодар қаласы білім беру бөлімі 2017 жылдың 8 ақпан күні Қ.Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде «Патриоттық тәрбие құралдары арқылы тәрбиеленушілерді толерантты қарым-қатынасқа тәрбиелеу» атты қосымша білім беру педагогтарына арналған қалалық ғылыми-тәжірибелік семинарын өткізді. Семинарға қаламыздың 50 қосымша білім беру педагогтары қатысты.

Семинар тақырыбы бойынша т. ғ. д., С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік унивеситетінде профессоры, Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-эксперттік топ басшысы С.Н.Мамытова қатысты.Ол қатысушыларға жалпы ұлттық «Мәнгілік ел» иедясының құндылықтарын түсіндірудегі негізгі құралдарымен таныстырды.Мектепті таныстыру «Бірлік» шығармашылық этнокейсімен жалғасты. Педагогтар бес секцияның «Патрида», «Халық этикет еліне саяхат», «Біз Қазақстан поляктарымыз» атты мастер-кластарына қатысты. Келесі жұмыстар қолданылды: әлеуметтік театр, ұлттық ойындар, грек тіліндегі музыкалық жаттығулар, әртүрлі мәдениет негізін салыстыра отырып этнобұйым жасау сынды жұмыстар. Семинар қатысушыларына куəліктер табысталды.