Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мәнерлеп оқу сайысы
14-02-2017 06:46
Мәнерлеп оқу сайысы

Дүние жүзілік ізгілік білім беру мерекесіне орай Павлодар қаласының № 17 сәбилер бақшасында «Мәнерлеп оқу сайысы» өткізілді. Сайыстың мақсаты: тәрбиеленушілердің мәнерлеп оқу, әртістік дағдысын қалыптастыру, әдебиеттік шығармашылығына деген жағымды эмоционалдық қатынастарын және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Оған 2 - 7 жас аралығындағы 40 тәрбиеленушілер қатысты, № 21,  38,  40,  45, 85 сәбилер бақшаларының жеңімпаздары іріктеу кезеңінен өтті.

Әділқазылар алқасына Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген әртісі, қазіргі уақытта Павлодар облыстық А. П. Чехов атындағы драма театр актрисасы, «Скворечник» атты әдеби жастар театрының жетекшісі Х. А. Хазиева, Балалар баспасөз орталығының жетекшісі, «Твой мир» атты балалар мен жастар газетінің редакторы, М. Катаев атындағы оқушылар сарайының әдіскері Е. В. Вайберт, «Сердца Павлодара» жануарларға көмектесу қорының жетекшісі М. В. Гребёнкина, «17 сәбилер-бақшасы» басшысы Т. В. Гончарова жұмыс істеді.

Конкурсқа қатысушылар өздерінің жеке дара шығармашылық қабілеттерін көрсете білді, өнерлерін көрсету үшін костюмдерін дайындап, дауыс ырғағының (ымдау, қалып) әдістерін қолдана білді.

 Конкурс қорытындысы бойынша жас ерекшелік категориясы  (2 - 3 жас) «Актерлік шеберлік» номинациясы бойынша 17 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі  Соловьев Илья үздік атанды, «Әдеби жұлдыз» номинациясы бойынша Салкевич Мирон  (№ 40), «Үздік қойылым» номинациясы бойынша Байбуринова Ясмина (№ 17) марапатталды.

         3 - 5 жас ерекшелік категориясы бойынша жарқын бейнесі үшін I деңгей дипломын 17 сәбилер-бақшасының тәрбиеленушісі Батурина Мария иеленді,

II орынды  Жандосқызы Әлима (№ 38), III деңгей дипломын Куванникова Милена (№ 38), «Әдеби жұлдыз» номинациясы бойынша Журкабаев Дильдар (17 бақша) үздік атанды.

         5 - 7 жас ерекшелік категориясы бойынша I орынды Зейнулла Наргиз (№ 21), II орынды 17 сәбилер-бақшасының тәрбиеленушілері Фесик Кирилл мен Стамкулова Анастасия, III орын мәнерлеп оқығандары үшін Стрельба Никита және Волков Кирилл (№ 38), «Үздік киім» номинациясы бойынша Тыртыкаева Лия (№ 17) марапатталды. Жеңімпаздар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.

          «Жануарларды қорғау» акциясы  шеңберінде 17 бала-бақшаның тәрбиеленушілері мен ата-аналары «Сердце Павлодара» жануарларға көмектесу қорының жетекшісі М. В. Гребёнкинаға жануарларға арналған азық-түліктер мен дәрі-дәрмектерді табыстады.